Атақты ақын, күрескер Махамбет Өтемісұлының кіндік қаны тамған Атырау өңірінде өткен өлең оқушы балалардың республикалық сайысына Ақсу қалалық №1 қазақ орта мектебінің оқушысы Гүлімай Дарғанбекова қатысты. Ол байқауда екінші жүлделі орынға ие болды. Поэзияға деген сүйіспеншілігімен талай сайыстарда топ жарған ол жаз бойы ұстазы Динара Жұмабаевамен осы сынға жете дайындалды.
Р.СҮЙІНОВА,
Ақсу қалалық
№1 қазақ орта мектебінің
мұғалімі.

