Баспасөз – 2011
Бейсенбі күні Павлодар облысы әкімдігі, облыстық ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аналитикалық ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының және оның құрамындағы облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Регион.KZ» газеттерінің басшылығы мен бірқатар қызметкерлері Ертіс ауданына іссапармен барып, оқырмандармен кездесті. Сондай-ақ, алғаш рет шығармашылық ұжыммен қоса Павлодар қаласы №2 ауруханасының терапевтік бөлімшесінің меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер-кардиолог Самал Ақылжанова да барып, жергілікті жерде тұрғындарды қабылдады.

Жоғарыда аталған басылымдар тілшілері үшін ауданға іссапар бір күн бұрын басталды. Олар бірқатар ауылдарда болып, елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысты. Ал негізгі шаралар бейсенбі күні аудандық әкімдігінде өткен арнайы мәжілістен басталды. Оған аудан әкімі В.Левченко, аудандық актив өкілдері қатысты. «Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өмірінде алар орны туралы сөз қозғау артықтық болар. Бұл ретте, облыс тұрғындарының сенімді серігіне айналған, тарихы бай аймағымыздың негізгі басылымдарының ауданымызда бас қосып отырғандығы біз үшін аса маңызды», - деді аудан басшысы.
«Аналитикалық ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Н.Тышқанова мұндай негіздегі шараны ұйымдастырудағы басты мақсат билік пен БАҚ арасындағы байланысты нығайту екендігін атап өтті. Сондай-ақ облыс деңгейінде шығатын «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Регион.KZ» газеттерінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, жетістіктерімен, ұжымымен таныстырып, аудан басшыларын аталған басылымдармен коян-қолтық жұмыс істеуге, халыққа дұрыс бағыт көрсетуге шақырды. Газет беттерінде жаңадан қолға алынып жатқан тың, жаңашыл бастамаларды тілге тиек етті. Ал бас редакторлар М.Омаров, Ю.Поминов газеттердің әрдайым халық игілігі үшін қызмет етіп, елдегі ұрпақ тәрбиесі, береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты сақтау жолында дүйім жұртқа салмақты ой тастап, мемлекет мүддесін қорғап отырғандықтарын мәлімдеді.
Ал оқырманға бағытталған жаңашылдықтар аз емес. Соның бірі - жақында ғана облыстық басылымдар беттерінде жарық көре бастаған «Денсаулық +» айдары. Павлодар қаласының №2 ауруханасымен бірлесіп қолға алынған бұл жоба қазірдің өзінде тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие. Осы орайда сапарға шығармашылық ұжыммен бірге шыққан дәрігер-кардиолог С.Ақылжанова аудандық ауруханада тұрғындарды қабылдап, кәсіби кеңес беріп, қажетті көмек көрсетті. Маманның айтуына қарағанда, ауданда соңғы кездері жүрек ауруына душар болған және осы сырқат салдарынан көз жұмған жандардың саны артуда. Сондықтан мұндай негіздегі үлкен маңызға ие дейді ол. Бір атап өтерлігі, дәрігердің қабылдауына жиырмадан астам аудан тұрғыны келді.
Мәжіліс барысында облыстық газеттердің тұрақты авторлары, шын жанашырлары марапатталды. Бұл ретте «Сарыарқа самалы» газеті тарапынан аудандық «Ертіс нұры» басылымының тілшісі Қ.Жарасова, «Айналайын» қосымшасының кішкентай авторлары Е.Холғанат, А.Дүйсенбаев, А.Асқарова, Ә,Рустанбекова және жарты ғасырдан астам уақыт бойы газетті үзбей оқып келе жатқан А.Смағұлова арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.
Бұдан кейін шығармашылық топ Қарақұдық, Панфилов, Үлгілі сынды ауылдарда болып, оқырмандармен кездесті.
Д.ЖҰМАДІЛОВ.