ЖАС ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

Жақында Атырау қаласында республикалық «І Махамбет оқулары» байқауы өткен болатын. Тарихта ізі қалған қазақтың өршіл рухты батыр да ақын әрі күйші ұлының құрметіне арналған жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен ең талантты балалар барып, бақтарын сынады. Олардың қатарында Павлодар облысының намысын қорғау үшін облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Серікболсын Дүйсембай, музыкалық мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Дастан Жиеналин және Ақсу қаласындағы1 қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы Гүлімай Дарғанбекова қатысып, жүлделі орындармен оралды.

Байқау «Мен - Өтемістің ұлы Махамбет» (көркемсөз оқу), «Ұлы арман» (Махамбет күйлерін орындау) және «Тартынбай сөйлер асылмын!» (қатысушылардың өз шығармашылықтарынан ақынға жыр арнау) атты номинациялар бойынша ұйымдастырылды. Осы үш бағытта сайысқа түскен павлодарлық өрендердің өнері қазылар алқасының көңілінен шығып, жоғары баға алды.

Жалынды жырларымен облыс жұртшылығына танымал жас талант Серікболсын Дүйсембай өз шығармашылығынан Махамбет Өтемісұлына жыр арнаса, Дастан Жиеналин оның «Жұмыр қылыш» күйін күмбірлете тартып, көрермендерді тәнті етті. Ақсулық Гүлімай Дарғанбекова ақынның 80-нен астам өлеңін мүдірместен жатқа айтып, жырсүйер қауымның қошеметіне бөленеді.

Ел сенімін ақтап, туған жеріне олжамен оралған жастардың қай-қайсысы да - сегіз қырлы, бір сырлы дарын иелері. Мәселен, Серікболсын Дүйсембай - облыстық «Мәшһүр Жүсіп оқулары», «Мұқағали оқулары», «Абай оқулары», «Сәтбаев оқулары», «Жас дәурен», басқа да байқаулардың бас жүлдесін қанжығасына байлап, бірқатар республикалық жыр додаларында жеңімпаз атанып жүрген жас ақын. Ал Дастан Жиеналин қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткен өнер байқауларында облыс намысын абыроймен қорғап жүрсе, Гүлімай Дарғанбекова да - көркемсөз оқуда алдына жан салмайтын талантты жастардың бірі.

Өнерлі балаларды аталмыш шараға ертіп барған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсана Қайратқызының айтуынша, байқаудың талаптары өте жоғары болыпты. Соған қарамастан намысты қолдан бермеген жерлестеріміздің ерлігіне ел риза.

 

Н.АҚЫТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 24
25 26 27 28 29 30 31