ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ - БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ

Елбасының тікелей тапсырмасымен мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырлып жатқаны белгілі. Павлодар қаласының Қ.Бекқожин атындағы №12 орта мектебінде ашылған шағын орталық осының дәлелі болса керек.

Мектеп директоры Майкен Смағұлова «Ел дарыны» атты шағын орталығының тұсауын салтанатты түрде кесті. Игілікті шараға елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын бүлдіршіндер, олардың ата-аналары және мектеп әкімшілігі қатысты.

Мұхтар Әуезовтің «Сапалы білім беру, саналы тәрбие сіңіру, сол арқылы мемлекеттің толыққанды мүшесі болатын тұлғаны қалыптастырубасты мақсат, әрі үлкен еңбек, ұстаздың ұлы ісі» деген қағидасын орталық ұстазы Гүлмира Мұхарбекқызы берік ұстанған. Мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымы өз кезегінде білгір ұстазға зор сенімділігін білдіретіндерін жасырмады.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, «Ел дарыны» орталығының ата-аналары мен балғындары мектеп әкімшілігіне алғысын білдіреді.

 

Қ.Бекқожин атындағы №12 орта мектеп ұжымы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30