Бұрнағы күні Астанадан жағымды хабар келіп жетті. Әріптесіміз, журналистика ардагері, Павлодар облысы әкімдігі, облыстық ішкі саясат басқармасының «Аналитикалық ақпарат орталығы» мемлекеттік кәсіпорнына қарасты облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің шолушысы Өскенбай Мұхамеджанұлы Тастемханов республикалық «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі тағайындаған «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын үздік жариялағаны үшін» деп аталатын сыйлықтың лауреаты болыпты. Республика бойынша аталмыш сыйлыққа ұсынылған журналистердің шығармашылығын екшей келе, ұйымдастырушылар біздің әріптесіміздің еңбегін жоғары бағалады.
Жеңімпазға мәртебелі сыйлықты беру салтанаты Астана қаласында, үстіміздегі жылдың 14 желтоқ-санында өткізілмекші.
«Сарыарқа самалы» газетінде 44 жыл бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан, өңіріміздің ғана емес, тұтастай еліміздің дамуын журналистік шеберлікпен байыпты бедерлеген, басылым арқылы қалың жұртшылыққа жеткізген, талай шәкірттерге тәлімгер болып отырған Өскенбай Мұхамеджанұлын құттықтай отырып, тұғырдан таймай, биік белестерден көріне беріңіз деп тілейміз!

