СӘБИЛЕР КҮЛКІСІ ЖАРҚЫН...

Облыс орталығы тағы бір балабақшамен толықты

 

Кеше облыс орталығында балғын бүлдіршіндерге арналған 240 орындық №28 балабақшаның тұсаукесері өтті. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова қатысты.

«Балапан» мемлекеттік бағдарла-масының аясында бой көтерген балабақшаны ата-аналар көп күткен болатын. Кішкентай бүлдіршіндерді қазірден бастап қабылдап жатқан орталыққа жүзден аса бала тіркеліп үлгерді. Салтанатты жиында сөз алған Әлия Қайратқызы дәл осы күні қаламызда бір мезетте 4 бірдей балабақша пайдалануға беріліп жатқандығын жеткізді. «Бүгін барша павлодарлықтар үшін қуанышты күн. Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген №28 балабақшаның ашылу рәсімі бәріміздің есімізде сақталары анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жүзеге асып отырған мұндай игі бастамалар келесі жылы да өз жалғасын табады. Павлодар қаласында жыл соңына дейін 280 орындық тағы бір балабақша пайдалануға берілетін болады»,- деді өз сөзінде Әлия Қайратқызы. Сонымен қатар, ол биылғы жылы облыс бойынша 20 балабақша және 100 шағын орталықтың ашылғанын алға тартты. «Өткен жылдармен салыстырғанда биыл Павлодар облысы көздеген мақсатқа қол жеткізді. Бүгінгі таңда балаларды балабақшамен қамту жұмыстары 71 пайызға көтерілді. Бұл - өте жоғары нәтиже. Жыл соңында ашылатын балабақшалар бұл көрсеткішті одан әрі арттыратынына кәміл сенеміз. Ағымдағы жылы Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында көптеген балабақшалар халық игілігіне берілді. Қашыр ауданы бойынша сәбилерді балабақшамен қамту жұмыстары 100 пайызға орындалды. Келесі жылы да мұндай келелі бастамалар жүзеге асатыны даусыз», деді облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғалымова.

28 балабақшаның меңгерушісі Жанат Түсіпбаева: «Ғимараттың құрылыс жұмыстарымен «Аникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысты. Биылғы жылдың қыркүйек айында жұмысқа кіріскен құрылысшылар аз уақыттың ішінде көркімен көз тартатын мекемені қалпына келтірді. Серіктестік басшылығына айтар алғысым шексіз»,-деді өз сөзінде. Жанат Асқарқызы сонымен қатар балабақшада 26 ұстаз жұмыс істейтіндігін жеткізді. «Олардың 17-і - жоғары санатты ұстаздар. Төртеуі - І санатты және біреуі - ІІ санатты мұғалімдер. Ал бес ұстаз қаладағы жоғары оқу орындарында сырттай білім алып жатыр. Жалпы, ғимараттың қайта жөндеуден өткізілуіне 41 миллион 997 мың теңге жұмсалды. Бүгінгі таңда балабақшада жұмыс істейтіндердің саны елу. Орталық ашылмай тұрып балаларын қабылдауға өтініш білдірген ата-аналардың санында шек жоқ»,-деді ол. №28 балабақша алдағы уақытта 10 ересектер тобына балаларды қабылдайды. Оның бесеуі - қазақ және бесеуі - орыс топтары.

Жаңа заман талаптарына сай жабдықталған балабақшаның ашылу рәсімінде ата-аналар атынан сөз сөйлеген Ардақ Салихзянова игі бастаманың басы-қасында жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді. «Бұл орталықтың ашылуын көп күттік. Бүлдіршіндердің жағдайын ойлап, болашағын бағамдайтын адамдардың бәріне ата-аналардың атынан айрықша алғыс айтқым келеді»,- деді ол.

Салтанатты жиын бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасына ұласты. Туған жер, Отан, Қазақстан тақырыптарында ән шырқап, тақпақтар айтқан бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Жиналғандардың барлығы балабақшаның іші сәбилердің жарқын күлкісіне толсын деп тілек тілесті.

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31