Майра есімі құрметтелді

Майра Шамсутдинованың 120 жылдық мерейтойы қарсаңында Алтай өңірінің Славгород қаласында «Мы все лучи одной зари» атты IV аймақтық ұлттық мәдениет фестиваліне біздің өңірден Майра Шамсутдинова атындағы музей қызметкерлері арнайы шақырылды.

Музей ұжымы Алтай өңіріндегі қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігімен танысып, Майра жөнінде мәліметтер іздестіруді де жөн көрдік. Осы елде аты аңызға айналған Қорланның 83 жасқа келген немересі Асқап апамен кездестік. Сөз барысында Майра Шамсутдиноваға туыстығы бар екенін жеткізді. 
- Сол заманда өзінің сұлулығымен, әншілігімен еліміздің еркесі болған Майраға нағашы атам көпшілікті жинап, талай рет ән шырқатып, сүйсіне тыңдайтын. Кейін Бахриден нағашыма тұрмысқа шығып, келін болып түсті деп атам айтып отыратын, - дейді Асқап апа. 
Асқап апа көнеден қалған жалғыз тостағанды Майраның қымыз ішкен ыдысы болар деген оймен музейге тапсырды.
   * * *
Майра Шамсутдинованың 120 жылдығына орай Алматы қаласында Майраның әншілік өнерін жалғастырушы, Майратанушы, қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының профессоры, әнші композитор Ағайша Исағұлқызының «Ән салайық сырнайменен» атты шығармашылық кеші өтті. ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Майра Ильясова, ҚР-ның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, әнші Рахат Бегасылов сынды өнерпаздар қатысқан шара жоғары деңгейде өтті. Қазақ өнерінің жанашыры, кемеңгер ақын-жазушы Тұманбай Молдағалиев және танымал өнертанушы, продюсер Юрий Аравин шығармашылық кештің көрермендерінің бірі болды.
 
Үміт АЙТМАҒАМБЕТОВА,
ҚР Мәдениет қайраткері, Майра атындағы музейдің меңгерушісі.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31