Ақтоғай ауданындағы Жоламан және Жамбыл ауылдарында ауыз судың сапасы көңіл көншітпейтіні туралы мәселе көп жылдар бойы қозғалып келді. Өткір тұрған мәселе күн тәртібіне түрлі деңгейде қойылып жүрді. Жақында ауыл тұрғындарының арманы орындалды. Қос ауылда ауыз сумен қамтамасыз ететін кешенді блок модульдер салынып, пайдалануға берілді. Нысандардың ашылу салтанатына Приречен ауылдық округінің әкімі С.Байбосынов қатысып, көпшіліктің қуанышына ортақтасты.
Ауыз су бекеттерінің құрылыс жұмыстарын И.Кузьменко басшылығымен «Промтехстрой» ЖШС тез арада орындап берді. Құны 22 млн. теңге тұратын су құрылғысы Жоламан және Жамбыл ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетіп, көңілдерінен шығуда.
Өз тілшіміз

