Дәрігерлік көмек керек

 

Келесі жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына жиырма жыл толады. Оның адамзатқа әкелген қайғы-қасіреті туралы аз айтылып, жазылған жоқ. Сол сынақ полигонымен шектескен Май ауданында тұрғындар денсаулығын қадағалап, жетілдіруге байланысты ой-пікірімді ортаға салғым келеді. Өйткені радиация салдарынан денсаулығын жойып алған жандарға осы заманғы талаптарға сай медициналық қызмет көрсету керек. Соңғы кезде жүрек-қан тамырлары, көз, қант диабеті аурулары жиілеп кетті әрі «жасарып» барады, балалар арасында да бұл аурумен науқастанғандар бар. Осыған байланысты аудандағы барлық тұрғындар жеке арнайы есепке алынып, олардың ауру тарихы, қандай ем алғаны туралы деректер қағазға түсірілуі тиіс деп есептеймін. Басқаша айтқанда, әр тұрғын дәрігер назарынан тыс қалмауы қажет.

Радиацияның ауадағы, топырақтағы, судағы деңгейін, сондай-ақ өңірдегі экологиялық ахуалды жүйелі анықтап отыру үшін ауылдарда мемлекеттік эпидемиологиялық нұсқаушылар штатын белгілеген жөн.

Осы орайда аудандық мәслихат депутаттары тұрғындар денсаулығын жақсартудың арнаулы бағдарламасын қабылдайтын кез келгенін айтқым келеді.

Ертіс өзенінің көрікті жағалауынан тұрғындар денсаулығын жақсартуды көздейтін санаторий ашқан дұрыс болмақ.

Павлодар қаласындағы «Ардагерлер» санаторийі бар десек, онда ядролық полигондағы сынақтардан зардап шеккен жандар үшін арнайы сауықтыру орнын ашу да алдағы күннің ісі болса екен дейміз.

 

Н.ЖАНАҚОВА,

Май ауданы

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31