АДАЛДЫҚ, ПӘКТІК, ТАЗАЛЫҚ - ӨМІРЛІК ҮЛГІ, ҚАЗАҚ, ҰҚ!

 

Қазақтың қорланына белгітас орнатылды

     Ақын Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты туындысында: «Естай мен Қорлан арасындағы махаббат хикаясын естіген итальян мүсіншісі: «Мұнда сүйгеніне қосыла алмаған Естай ақынның сағынышы мен зары ғана емес, бүкіл бір ұлттың махаббатқа деген мінезі мен ерлігі жатыр екен» - депті. Шынында да Қорланға елу бір жыл ғашық болып, елу бір жыл өмір сүрген Естай ақынның «Қорлан» әні қазақ халқының махаббатын алты құрлыққа асқақтатты.
     Бір әнге ұлт махаббатын сыйдырған Естай ақынның халық арасында алар орны да ерекше. Әсіресе, көпшілік қауым ғашықтық ғаламатын кешкен жандар - Естай мен Қорланның мәңгілік махаббатына әрқашан бас иеді. Қос ғашықтың арасындағы махаббат хикаясы қатпарлы тарих беттеріне алтын әріптермен жазылғалы бері ел ішіндегі тәрбиелік мәні зор, басыбайлы байлығымызға айналғандай. Жас ұрпақты адал сезім, шынайы ғашықтық күшімен сусындатуды көздейтін аға-апаларымыз екі ғашықтың өнегелі өмірін де өрімдей өрендерге үлгі етеді. Бірі халық арасында «Қорлан» әнін айтып қалықтатса, енді бірі ғашықтардың құрметіне арнап белгітас немесе ескерткіш орнатады. Әйтеуір, бәрінің ниеті өткенімізді өшірмей, келер ұрпақ ұмытпас үшін тереңнен әрі мәңгілік ұлықтау болып табылады.
      Жуырда ел ағаларының махаббат символына айналған Естай мен Қорланға жасаған тағы бір игі ісіне куә болдық. Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бөрілі ауданындағы Притыка ауылындағы зиратқа жерленген әнші Естай Беркімбаевтың қолы жетпей армандап өткен аруы Қорлан Сұлтанқызының құрметіне белгітас орнатылды. Мемлекет шекарасынан асып, өзге елдің аумағында іргелі іс атқарған ағалардың басты мақсаты өздерінің атақ-даңқын емес, қазақ даңқын шығару еді.
      Осыдан тоғыз ай бұрын Естай Беркімбаевтың туған ауылы Екібастұз ауданындағы Қаражар ауылына әншінің құрметіне арналған белгітас орнатылды. Аталмыш шараны ұйымдастырған аптал азаматтар Қорлан еліне де дәл осындай белгітас орнатуға уәде берген болатын. Уәделерін іске асырған азаматтар тағы бір мәрте ел көңілінен шығып, ұлт мәртебесін мерейлі етті.
     Қазақтың өнері мен мәдениетіне қамқоршы болып жүрген Қуат Есімханов пен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арынның руханият, мәдениет, ұлттық құндылықтарды насихаттауда ерен еңбектері өлшеусіз екені белгілі.
(Мақаланың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2010 жылғы 17 шілдедегі санынан толық оқи аласыздар)


 



 

 

Пікірлер  

 
+2 #1 Асқақ сезімді аялай білейік, достар! 22.07.2010 15:25
Қазақтын сүйспеншілік символына айналған Естай мен Қорланға қанша белгі қойса да еш артықтығы жоқ деп ойлаймын! Журналист Еркебұлан Әміренов айтқандай, қазіргі жастарымыз осы тулгалардан үлгі алуы керек. Журналист қазіргі кезеңдегі жастар арасындағы махабат пен сезім, оның бүгінгі кемшіліктері туралы да жақсы жазған екен. Өткен мен бүгінгіні байланыстырып көрсеткені унады. Газеттен жалгасын окып, риза болып калдым. Жастар окыса екен.
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31