АРДАГЕРЛЕР ӘРҚАШАН НАЗАРДА

Бүгінгі күні еліміздің азаматтарын бақытты деп ауыз толтырып айтуға болады. Елімізде бейбітшілік пен  тыныштық берік орнаған. Бұл күнге  1941-1945 жылдардағы әлемді дүр сілкінткен сұрапыл соғыс майданында от кешкен бабалар ерлігінің арқасында жетіп отырғанымыз сөзсіз. Қиын кезең келмеске кетсе де, ардагерлеріміздің жадында  өшпес жара қалдырды. Қасық қаны қалғанша жауға төтеп беріп, қайсарлық танытқан қаһармандарымызға тағзым ету – ұлы парызымыз, ұрпақ міндеті.
Өткен жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы аясында біздің облыста көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Солардың бірі – Павлодар қаласындағы Восточный мөлтек ауданында салынған ардагерлер үйі. Өткен жылдың желтоқсан айында аталған көпқабатты үйде жүзден астам Ұлы Отан соғысы ардагерлері қоныс тойын тойлады.
Пәтер кілтіне ие болған қат жауынгерлердің бірі  - Қабиден Жұмабеков.   Қабиден аға Баянауыл ауданы Майқайың елді мекенінде дүниеге келген. 1942 жылы Отан қорғау жолында елінен жырақ жерге – Украина жерінде аттанады. «1945 жылдың алтыншы мамыры күні Қабиден әскери бөлім қатарында Берлиннің оңтүстігіндегі Айбешталь қаласындағы шайқасқа араласа бергенде, Германия соғыстың соңы туралы хабарды таратқан қуанышты сәтті жиі еске алып отырамыз», - дейді батырдың жұбайы Клара апа.  Қазіргі таңда Қабиден ата Ұлы Отан соғысындағы нағыз ерге тән істерімен ғана емес, аймағымыздағы ауыл шаруашылығы саласында атқарған елеулі еңбегімен де зор құрметке ие. Қабиден Әкімбекұлы  - Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері, көп жылдар бойы облысымыздағы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға  атсалысқан азамат.  
Сегіз бала тәрбиелеп өсірген Жұмабековтар отбасы үшін биылғы Жеңіс күні мерекесі ерекше маңызға ие. Себебі, мереке қарсаңында Қабиден  Жұмабековке Украинаның  мемлекеттік  наградасы - «Ерлік» орденімен салтанатты жағдайда     табысталды. «Ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлері әрдайым қоғам назарында. Оларға мемлекет тарапынан қамқорлық үнемі көрсетіліп отырады.  Мұндай игі істердің барлығы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған мақсаттарының, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жасап жатқан бастамаларының жемісі деп білемін. Президентіміздің дұрыс саясатының арқасында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арнайы көмектер жасалуда. Облыс басшысы Бақытжан Сағынтаевқа Жұмабековтар жанұясы атынан ризашылығымды білдіремін. Ұлтым деп тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтарымыз көп болсын», - дейді Қ.Жұмабеков.
Тәуелсіздік пен ұрпақ келешегі үшін кеудесін отқа тосып, бейбітшілік сыйлаған ардагерлерімізге қанша құрмет көрсетсек те, артық емес. Павлодар қаласында қазіргі күні Ұлы Отан соғысының             440 ардагері мен 5757 тыл еңбеккері бар. Олардың ішіндегі  ең жасы үлкені – Иван Лукашев. 1906 жылдың  28 тамызында дүниеге келген ол Ұлы Жеңіс мерекесін 66 рет қарсы алмақшы. Тыл еңбеккерлері қатарындағы облыс орталығына қарасты Ленин елді мекенінің тұрғыны Қадиша Смағұлова да қатарда. Павлодар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, оларға бүгінгі таңда әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Соғысқа қатысқан азаматтарға дәрі-дәрмек сатып алу мақсатында 1 айлық есептік көрсеткіш                      (1413 теңге) көлемінде материалдық көмек беріліп, олардың коммуналдық шығындары қызмет көрсету мекемелері есебінен өтеліп отырады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері сонымен қатар, Алматы, Шортанды қалаларындағы шипажайларда жыл сайын тегін демалу мүмкіндігіне ие. Жеңіс күні мерекесі аясында да қарияларымызға жеті мың теңге көлемінде бір реттік төлемақы жасалып, азық-түлік түріндегі материалдық көмекпен қамтамасыз етілмек. Ал тыл еңбеккерлерінің әрқайсысына екі мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.


Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31