ТЕАТР ҰЖЫМЫНА - АСТАНАДАН АЛҒЫС

 

     Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымына, театрдың бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі Ерсайын Тәпеновке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің атынан Алғыс хат келді. Естеріңізде болса, жерлестеріміз Астана күніне орай елордалықтар назарына «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын ұсынып, театр сүйер қауымның ықыласына бөленіп қайтты.

     Хатта былай делінген: «Сізге және өзіңіз басқарып отырған өнер ұжымына Астана күні мерекесін абыроймен өткеруге ат салысқан еңбектеріңіз үшін зор алғысымызды білдіремін. Өнер саласы ішінде театрдың орыны қашан да бөлек. Көрермен көңілін нұрға, жүрегін жырға бөлейтін де, қоғамның рухына дем, ішкі жан дүниесіне ем болатын да – театр сахнасы. Бұл орайда Сіздердің осынау биік өрелі өнерлеріңіз бен тұғырлы таланттарыңызға тәнті болған Елоорда тұрғындары мен қонақтарының өздеріңізге деген ықыласы ерекше. Осынау еселі еңберіңіз Сіздерді тың туындылар мен баянды бастамаларға бастап, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар әкелсін. Дендеріңізге саулық, шығармашылық табыстар мен игі ізденістер тілеймін!».

Өз тілшіміз.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31