«МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҚТЫҢ» ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТІ

«Бір терезе» әдісі бойынша халыққа қызмет көрсететін орталықтардың қызметі бұдан былай аймағымыздың шалғай жатқан ауылдарына да қолжетімді болмақ. Алыс елді мекендердің тұрғындары әлдебір құжат ресімдеу немесе анықтама алу үшін аудан орталықтарына сабылып, қаншама уақытын жоғалтады. Осы жағдайларды ескерген еліміздің байланыс және ақпарат министрлігі халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) қызметін мобильдендіру, яғни «көшпелі ХҚКО-лар» жұмысын жолға қойды. Пилоттық режимдегі жоба болып табылатын айрықша қызмет көрсету тәсілін  республика  бойынша Павлодар облысы алғашқылардың бірі болып іске қосты.

 

Жұма күні Екібастұз қаласына қарасты Ақкөл ауылында аталған мобильді ХҚКО-ның тұсауы кесілді. Шараға ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары Бағдат Мусин, облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Мәдениет Ахметов, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Күлжан қатысты.

Аталған комитет төрағасының орынбасары Б.Мусиннің айтуына қарағанда жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған халықтың, оның ішінде аудан орталықтарынан алыста орналасқан елді мекен тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсетулерге толық қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын іске асырудың алғашқы қадамы          болып табылады. «Мобильді орталықтардың» құрылуы ауылдағы ағайындар үшін игілігі мол болмақ.

(Материалдың толық нұсқасын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылғы 14 маусымдағы номерінен оқи аласыздар)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30