АЙБЫНЫ АСҚАҚ АСТАНА

облыс орталығында ару қаланың туған күні кеңінен аталып өтті

 6 шілдеАстана қаласының күні. Алаштың айбынын асқақтатқан ару қаланың туған күнін Павлодар қаласының тұрғындары ерекше куанышпен атап өтті. Бұл күні түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, әсем де әуезді ән шырқалды. Мың бұралған бишілер өз өнерлерін ортаға салып, жергілікті халық пен қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 Астана күнін мерекелеу облыс орталығында бірнеше күн бұрын басталған болатын. Айтулы мереке қарсаңында өңірде әлеуметтік-экономикалық маңызға ие жаңа ғимараттар ашылып, түрлі байқаулар өткізілді. Жұртшылық назарына кітап көрмелері ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар ұсынылды. Мереке күні жергілікті тұрғындар алдымен орталық жағалауға қарай ағылды. Мұнда таңертеңгілік шақта жасөспірімдер мен ардагерлер мерекелік марафон өткізді. Жүзден аса жеңіл атлет қатысқан спорт шарасында аудандардан келген спортшылар да болды. Солардың бірі - Ертіс ауданынан келген республикаға танымал марафоншы Ермек Сетербаев.

Фархат ӘМІРЕНОВ,

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ.

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 7 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31