АУДАНДЫҚ ГАЗЕТКЕ – 80 ЖЫЛ

       1930 жылы 26 тамызда Павлодар аудандық «Колхоз» (қазақша), «Колхозный путь» (орысша) газетінің алғашқы нөмірі жарық көрген болатын. Мұндағы мақсат осы өңірдің тыныс-тіршілігін көрсетіп, ел басшылығының саясатын халыққа жеткізу еді. Кезінде газетті Е.Узденский, А.Алистратенко, В.Беляев, С.Шаймарданов, В.Швайко, Е.Айменов, К.Саримов, А.Сағитова сияқты білікті қаламгерлер басқарып, басылымның негізгі міндеттерін абыройлы орындауына қол жеткізді. Қазіргі редакторы – танымал журналист Р.Мұстафина.
      Уақыт өте келе газеттің мақсат-бағдарына да өзгерістер енді. 1954 жылы желтоқсан айында ол «Заря коммунизма» деген жаңа атауға ие болса, 1962 жылдың 1 мамырынан «По заветам Ильича» деп атала бастады. Кейінірек «Нива» деген атауымен оқырман қауыммен жүздесті. Ал 2009 жылдың 16 желтоқсанынан бері «Заман тынысы» деген жаңа атаумен шығуда.
      1978 жылы апталық газетке айналып, сегіз беттен тұрды. 1998 жылдың жаз айынан бастап «Заман тынысы» аудандық газеттер ішінен алғашқы болып офсеттік баспаға көшті. Газет келбеті заман талабына сай етіліп, компьютерлік технологияларды қолданудың арқасында дизайны әрдайым жетілдіріліп тұрды. Қазір 12 беттен құралған баспа көлемі қоғамдық-саяси және ауыл шаруашылығы тақырыптарын орналастырумен бірге «Редакцияға қоңырау», «Мамандар кеңесі», «Қылмыстық хроника» айдарларында оқырмандар сауалдарына жауап беруге мүмкіндік туғызуда. Газет аудан басшылығымен, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен, түрлі мекемелер директорларымен бірігіп, жемісті ынтымақтастық байланыс орнатқан. Ауылдықтарға маңызды жаңалықтар жайлы ақпаратқа қол жеткізіп, келе жатқан мерекелік іс-шаралар туралы құлағдар етіледі, сондай-ақ болашақта жоспарланып жатқан өзгерістерден оқырманның хабардар болуына мүмкіндік беруде.
      «Заман тынысы» газеті – Павлодар ауданының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің айнасы. Газет әрқашан ауылдықтар арасында беделді, өйткені елді мекендегі ағайынның күнделікті тұрмысы мен мерекелері жайлы, олардың ерлік пен мейірбан істері жөнінде жаза отырып, жүректерге сенім ұялатып, оқырмандардың қиындықтары мен қуаныштарын бөліседі. Олар өзі үшін қызықты материалдарды таба алады. Уақыт өткен сайын газеттің таралымы өсіп келеді.

Ө.РҮСТЕМОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31