АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА

    Баянауыл ауданында «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Жергілікті ұйымдастыру комитеті тұрақты жұмыс жасап келеді. Бүгінгі күні аудандағы көмекке мұқтаж аз қамтамасыз етілген, көп балалы және жетім, толық емес отбасылар бойынша 340 балаға жалпы сомасы 997 мың теңгенің қажетті оқу құрал-жабдықтары мен киімдер алып берілді. «Майқайың әк шығаратын зауыты» «Қазақстан алюминийі» АҚ, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Қызылтау» ЖШС, «Жан» ЖШС, ауданның басқа да жеке кәсіпкерлері оқушыларға көмек көрсетуде.

    Акция шеңберінде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері де аса белсенділік танытуда. Жаңа оқу жылы қарсаңында олар 43 балаға мектепке қажетті оқу-құралдар мен тиісті киім-кешектер алып берді. Ата-аналар мен оқушыларға қамқоршы болған азаматтарға айтар алғысымыз шексіз.

Әзірлеген М.ҚАПАНҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30