Дәстүр бойынша 15 қыркүйектен бастап Павлодар қаласында «Қамқорлық» айлығы өткізілуде. Қарттар күні қарсаңында қала әкімінің орынбасары Айым Қанафина биылғы жылы 100 жасқа толып отырған Е.Ситцеваның үйіне барды.
Елена Ефимовна – майдан даласында ерлікпен қаза тапқан Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы. Қайсар ана соғыстан кейінгі кезеңде жұмыстан қол үзбей, екі баланы тәрбиелеп өсірді. Қазірде жасы жүзге жеткен әже немере-шөберелерінің ортасында, Ленин кентінде тұрады. А.Қанафина Е.Ситцеваны мерейтойымен құттықтап, қала әкімі атынан гүл шоғын сыйлап, тарту жасады. Зейнеткердің туыстары көрсетілген құрметке ризалық білдірді.
Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

