Отанды қорғау - әр азаматтың борышы

Жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде 18 бен 27 жас аралығындағы жас жігіттерді әскер қатарына шақыру басталады. Қазіргі таңда әскер қатарына шақырылған азаматтардың оқыған білімі мен алған мамандығына айрықша көңіл бөлінуде. Бұған дейін жастар азаматтық борыштарын екі жыл уақыт аралығында өтеп келген. Оның жарты жылы оқу-жаттығу жиындарына арналса, қалған уақытта әскери мамандық алу үшін тынбай тер төгетін. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері азаматтарды келісімшарт негізінде әскер қатарына қабылдауды алға қойды. Осыған байланысты 2006 жылдың қаңтар айынан бастап әскери қызметті өтеу мерзімі 12 айға қысқарды.

 

Қазіргі таңда жастарды әскер қатарына қабылдау үшін қатаң талаптар қойылған. Павлодар қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға тіркелген әрбір азамат та қатаң бақыланады және оның әскер өмірінде қандай салада болатыны егжей-тегжейлі талқыланады. Бұл ретте оның жоғарыда атап кеткеніміздей білімі мен мамандығына ерекше көңіл бөлінеді. Егер әскер қатарына шақырылған азамат жоғары оқу орнын техникалық сала бойынша тәмамдаса, онда ол өзінің мамандығымен тығыз байланысты әскери бөлімге барады. Ал құқықтық мамандықты бітірген жастар Ішкі істер министрлігі бөліміне қабылданады. Әскер өміріне араласқан жастарға тұрғындар арасындағы әртүрлі жағдайларды байыптау және өз облысының құқықтық нормаларын білу аса қажет. Әскер өмірінде мұның бәрі мол тәжірибе болады.

Ата-аналардың барлығы балаларының әскерден аман-есен оралып, қоғамның берік тұтқасы болған қалайды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің де басты мақсаты осында жатқанын ешқашан естен шығармауымыз керек. Әскер қатарына шақырылушылардың ата-аналарына айтарым, Қазақстан әскері осыдан он бес жыл бұрынғыдағыдай емес, өзгерген. Бұрнағы жылдарда әскери қызметкерлердің жүз пайызын қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құраса, қазір бұл көрсеткіш 30 пайызды құрайды. Бұл - еліміздің әскери салаға барынша ыждаһатпен қарағандығының нәтижесі. Яғни, әскери қызметкер болуды армандайтын жастардың қатары жыл санап өсіп келеді.

Еркіндік пен тәуелсіздікті мақсат еткен Қазақстан әскерінде жаңа мамандықтар пайда бола бастады. Әскери полиция мамандығы да еліміз егемендік алғаннан кейін қатарға енген мамандық. Әскери полицейлер әскери борышын өтеушілердің тәртіптерін жіті қадағалайды. Яғни, олар әскери ортадағы әрбір жайтты үнемі назарда ұстап отырады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамында әртүрлі өзгерістер болып, кейбір келеңсіз жайтар оң шешімін тапты. Атап айтар болсақ, әскери борышын өтеушілердің тамақтануы ретке келтірілді және материалдық-техникалық базаның сапасы арта түсті. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі Қазақстан әскері тәжірибесі мол нағыз азаматты тәрбиелеп шығарады. Бұл ретте командирлер мен басшылар әскери бөлімшелердің көрсетілген барлық жағдайларға сәйкес келуін ерекше қадағалайды.

 

Н.НАУРАЗБЕКОВ,

Павлодар қаласы қорғаныс істері басқармасының бастығы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31