ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР Павлодар қаласына ат басын тіреді

 

 

     Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Бет жүзіне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажет. Бүкіл халық болып мұндай індетке қарсы тұруымыз керек. Бұл - әрбір адамның азаматтық парызы» деген сөзін ұран еткен талдықорғандық тұрғындар - Гүлсім Омарова мен Рысбай Отаров жемқорлыққа қарсы республикалық автошерумен Павлодар қаласына ат басын тіреді.
     2001 жылы «Қазақстан және әлем халқы бейбітшілік пен имандылыққа соғыссыз, лаңкестіксіз және жемқорлықсыз» бағдарламасының жобасын жасаған Рысбай Оқуұлы: «Дүние жүзінде қалыптасқан қазіргі жағдай, әсіресе, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-қа жасалған террорлық шабуылдан кейінгі оқиғалар, Ирактағы соғыс, Ауғанстандағы, Пәкістан мен Үндістандағы, Израиль мен Палестинадағы тәртіп бұзушылықтар, Ресейдегі және басқа да елдердегі лаңкестік әрекеттер аталмыш бағдарламаны өміршең етуге себеп болды» дейді. Шынында да жаһандағы жағымсыз жайттер кім-кімді болмасын елең еткізері анық. Қазақстанда осындай әрекеттерді ауыздықтауды көздеген талдықорғандық тұрғындар 2008 жылдың 2 желтоқсанынан бастап республика бойынша жемқорлыққа қарсы авто шеру ұйымдастырып, облыс орталықтарын аралап келеді.
     Жемқорлық халық арасында қатерлі дертке айналып, тамырын тереңге таратуда. Халық ішіндегі «індетпен» құқық қорғау орындары ғана емес, ел болашағының бұлыңғыр болмауын тілейтін Рысбай аға мен Гүлсім апай секілді қарапайым тұрғындар да атсалысуы тиіс. Жемқорлыққа жол бермеуді мақсат еткен Рысбай Оқуұлының авторлық жобасымен Елбасы Н.Ә.Назарбаев танысып, жүрек жарды ықыласын білдірген. Аталмыш бағдарлама көптеген дөңгелек үстелдерде талқыланып үлгерді. Тіпті саяси партиялар бағдарламаның дұрыс жасалғандығына көздері жетіп, бірге жұмыс жасауды ұсыныпты. Алайда автор ешқандай партияға иек артпай, бағдарламаны өз күш-жігерімен жалғастыруға бел байлапты. «Авто шеруді ұйымдастырғанымызға көп уақыт өте қоймаса да, қатарымыз күн санап көбейіп келеді. Гүлсім Жұмағалиқызы - бес баланың анасы, мен де бес бала тәрбиелеп отырмын. Қатарымыз 50-ге жуық адаммен толықты. Қатарымызға қосылған Алматы қаласы М.Мақатаев атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Арын Имашевты ерекше атап өткім келеді. Ол жас болса да, ешбір қиындықтарға қарамастан, бағдарламаның қанат жаюы үшін белсенді жұмыс жасауда,» деді Рысбай Оқуұлы өз сөзінде. Өз ойларын басқа облыстың тұрғындарымен бөлісуді көздейтін адамдар ендігі жерде жеңіл көлікпен емес, автобуспен шығуды ұсынып отыр екен.
     «Қазақстан және әлем халқы бейбітшілік пен имандылыққа соғыссыз, лаңкестіксіз және жемқорлықсыз» жобасы 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – Алматы облысының аудан орталықтары мен ауылдарын аралау. Шеруді ұйымдастырушылар оңтүстік өңірге ішімізден ірітіп, елдігімізге нұқсан келтіріп, еңсемізді түсіріп тұрған жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы халық арасында үгіт-насихат жүргізді. Бағдарламаның екінші кезеңі – Республикамыздың облыс орталықтары мен аудандарын, ауылдық аймақтарды аралап өту. «Біз Павлодар облысына дейін оңтүстік аймақта болып қайттық. Одан кейін Семей, Өскемен, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау жерін араладық. Енді Екібастұз қаласында болып, одан әрі Астанаға жол тартамыз. Сонан соң Батыс Қазақстан аумағын аралауды жоспарлап отырмыз. Барлық облыс орталықтарын аралап келгеннен кейін екінші кезеңді қорытындылап, халыққа есеп береміз» дейді жоба авторы. Ал үшінші кезең – қарапайым халықтың қолдауымен жер шарындағы бейбітшілікті қолдайтын мемлекеттерде болып қайту. «Халық тарапынан қолдау болып жатса, үшінші кезеңді де ұзатпай бастап кетеміз. Үшінші кезеңді Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойына арнап отырмыз. Мемлекет басшысының ақ тілегін тыңдап, ақ батасын алып, сапарға аттансақ деген ниетіміз бар. Жалпы, тұрғындар бағдарламаны жақсы қабылдап, қолдарынан келген көмектерін жасап жатыр. Қай жерге барсақ та адамдар рухани болсын, материалдық болсын көмек беруге тырысады. Аллаға шүкір, «елім, халқым» деген тұрғындар еңбегімізді елеп, астымызға темір тұлпар мінгізді» деді Рысбай Оқуұлы.
     «Осы игі бастаманы қолға аларда, жасыратыны жоқ, БҰҰ-ның, бейбітшілік пен соғысты зерттейтін орталықтардың, көптеген бейбіт өмірді қолдайтын әртүрлі деңгейдегі ұйымдар, жеке тұлғалар бар екенін бір сәтте естен шығарған емеспіз. Керісінше, олардың адамзат баласына, келешек ұрпақ үшін жасап жатқан ізгілікті істеріне ризамыз. Сондай адамдармен, ұйымдармен бірлесіп іс-қимыл жасауға да әзірміз» дейді Рысбай Оқуұлы. Ол жемқорлыққа қос қолдап қарсы болатын павлодарлық тұрғындарды ғана емес, барша адамзат баласын бейбітшілік идеясының төңірегіне топтасуға шақырады.
Жемқорлыққа қарсы шеруді ұйымдастырушылар бағдарлама жобасын қолдап, қиын кездерде қол ұшын беріп жүрген «Қазақстан Zaman» газетіне алғыстарын білдірді. «Газеттің меншікті тілшілері жүрген жерімізде қарсы алып, ыстық ықыласпен шығарып салады. Біздің жасаған әрбір қадамдарымызды газетке жариялап ақпарттық қолдау да көрсетеді» дейді талдықорғандық тұрғындар.
      Қазақ елінің ертеңіне алаңдайтын талдықорғандық тұрғындардың ізгі ісі - адам баласына, қоғамға деген сүйіспеншіліктен туындаған идея, жүректен шыққан ақ ниет, адамзат баласына тамшыдай болса да жақсылық әкелсе деген ыстық ықылас. Ата-бабамыз кезінде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, дауасыз дерттердің алдын алғанда, біздің де қол қусырып қарап отырғанымыз әбестік болар. Жағымсыз індетпен бірлесіп күресейік, ағайын.


Еркебұлан ӘМІРЕНОВ,
Суретті түсірген Т.НҰРҒАЗЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31