«ДАЛАДА ҚАЛҒАНДАЙ БОЛДЫМ!»

 

дейді жас маман Динара

Бұрнағы күні «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясына бір жарым жастан енді асқан сәбиін көтеріп Динара Сәрсембинова есімді азаматша келді. Ашуға булығып, жанарына жас үйірілген отанасы өзінің басына түскен түсініксіз жағдайды билік органдарына  біздің басылым арқылы жеткізіп, істің мән-жайын бір жақты етуді жөн деп тапса керек. Өзіне қатысты өрілген мәселенің мәнісін айқындау үшін табан тоздырып, дамыл таппай жүрген Динара нендей уәж айтады? Құлақ түріп, көз жүгіртелік...

«Мен 2008 жылы Павлодар медициналық колледжін тәмамдадым. Одан соң мамандығым бойынша Қашыр ауданында жұмыс істедім. 2010 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар ауданы Луганск ауылдық округіне қарасты Аққұдық (Духовницкий) елді мекеніне медицина маманы қажет» деген хабарламасын естіп, жағдайымызды елеп-екшеп, ойланып-толғанып, сол ауылға маман болып баруға бел буған едім. Бұл ауылда 2 жылдан бері медицина маманы болмаған екен. Жаңадан келген маманға  бір реттік көтерме жәрдемақы және баспана берілетіні де айтылған болатын. Осылайша, отбасымызбен Аққұдық  ауылына табан тіредік. Мен бір реттік көтерме жәрдемақыны алудан өз қалауыммен бас тарттым. Есесіне, баспана берілетініне қуандым. Сөйтіп, ауылдағы медицина және педагогика мамандарына арналған деген үйге отбасымызбен көшіп келіп, жайғастық. Күйеуіммүгедек, құлағы естімейді. Сондықтан да жұмысқа тұра алмайды, тұрақты еңбекке қабілеттілігі жоқ.  1 жастан асқан баламыз бар. Отбасында табыс табатын өзім ғана. Не керек, 2010 жылдың тамыз айында Аққұдық ауылындағы үйге кіріп, жұмысты бастап кеттім. Өкінішке қарай, отбасылық алаңсыз тірлігіміз, қалыпты жұмысым 2011 жылдың сәуір айында су сепкендей басылып, сең соққандай күйге түстік. Біз тұрып жатқан үй ауылдың кәсіпкері, мәслихат депутаты Сәлмен Нұрғалиев деген азаматтың меншігі екенін естідік. Үй иесі сәуір айында келіп, бұл жерде өзінің жұмысшылары тұрақтайтынын айтып, баспананы босатуымызды талап етті. Мұны естіген біз аяқ астынан абдырап қалдық. Баспана біреудің меншігі           болса, онда әуелде «дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған үй» деп неге айтқан? Бұл үйде уақытша ғана тұрақтайтынымызды неге бірден ескертпеді? Мұндай көз алдаушылық кімге керек болды? Қазір осындай сұрақтарға бас қатырып, әбден әбігерге салынып отырмыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ауылдық жерлердегі мамандар жетіспеушілігін шұғыл әрі оңтайлы шешуді, ауылдарға баратын мамандарға жан-жақты жағдай жасауды қатаң тапсырып, жергілікті билікке нақты міндеттер жүктеген жоқ па еді!? Сонда менің басымдағы қалыптасып отырған жағдай Елбасының тапсырмасына немқұрайды қарағандық, орындамағандық емей немене? Әрине, үйдің меншік иесі кәсіпкерге де бір жақты кінә арта алмаймыз. Меншіктің атыменшік. Өзіне тиесілі баспана болған соң, кез келген сәтте-ақ босатуымызды талап ете алады. Бірақ, жергілікті билік, денсаулық сақтау органдары бұған қалайша жол беріп, көз жұма қараған деген ой мазалайды бізді. Осындай келеңсіздіктің кесірінен қазір Павлодар қаласы мен ауыл ортасында ерсілі-қарсылы жүруге мәжбүрмін. Отбасымды алып Павлодарға қаңғуға тура келген жайым бар. Мұндай жағдайда нәрестемізге де дұрыс қарауға мүмкіндік жоқ. Өзім жұмысқа күнделікті қатынап барып отырамын. Бірақ, үйдің кілтін иесіне тапсырғаным жоқ. Өйткені онда біздің жиһаздарымыз, заттарымыз тұр. Оны алып шықсақ, қайда апарамыз? Сайып келгенде, бізді бұл үйге тек қыстап шығу үшін ғана кіргізген сияқты. Енді мәжбүрлеп қуып шығып жатыр. Амал қанша, ит құрлы болмадық қой», - деп Динара өзінің көкірегін кернеген жағдайды ашына жеткізді.

Осындай тығырыққа тірелген Динара қалыптасқан жағдай туралы аудандық билік те, денсаулық сақтау бөлімі де хабардар екенін, бірақ әлі күнге дейін ешқандай шара қолға алынбай, тоқетер түсінік-жауап берілмей отырғанын тілге тиек етті. Аудандық билік пен денсаулық сақтау бөлімінің ауылға жетіспей жатқан мамандарды тартып, оларға жағдай жасаудағы ниеті, әрине, құптарлық. Бірақ жоғарыдағыдай олқылыққа қалайша жол беріліп қойғандығы еш түсініксіз. Динараның өзі айтқандай, үйдің меншік иесі кәсіпкерге де кінә арта алмайсыз.

Дегенмен, бастапқы бетте-ақ баспананың уақытша ғана екенін баса айтып, алдын           ала ескерту қажет еді. Бірақ жас маманның айтуыншаолай болмаған. Тіпті, «бұлдәрігерлер мен мұғалімдерге арналған үй» депті. Алайда...

Алдағы уақытта Динараның жағдайы дұрыс арнада реттеледі деген ойдамыз.

«Ауылдың гүлденуіҚазақстанның гүлденуі» деген қағиданы басты ұран етіп              алған бүгінгі кезеңде ауылдық елді мекендерге мамандардың көптеп баруына баса мән           берілуде. Ауылдың гүлденуі білікті мамандардың қолында. Осыны қадап айтып келе             жатқан Елбасымыз ауылдарды мамандармен қамтамасыз етуге, жағдай тудыруға            байланысты атқарушы билікке нақты тапсырмалар жүктеді. Оларды орындау барысында жоғарыдағыдай тығырықты жағдайларға жол берілмеуге тиіс

 Оқырманның есінде болса, осыдан біраз уақыт бұрын өңіріміздің бір ауданына  келген жас мамандарды қуана қарсы алудың орнына, «бізге мамандар қажет емес» деп, оларға немқұрайды қараған шенеуніктің әрекеті Елбасыға дейін жетіп, облысымыздың аты бүкіл Қазақстанға аймаңдай - ұятты болған еді. Ондай ебедейсіз һәм ұятты жағдай енді қайталанбаса екен дейміз...

Асыл ӘБІШЕВ.

Бет қатталып жатқанда...

Біз жоғарыдағы мәселе бойынша Павлодар аудандық емханасымен байланысқа шыққанымызда, бас дәрігердің орынбасары Дәметкен Күзембаева: «Динара Сәрсембинованың жағдайы аудан әкімінің тікелей назарында. Қазіргі уақытта оған несие беру арқылы баспанамен қамту мәселесін тиісті құрылым қарастырып, құжаттарын реттеп, оңтайлы шешуде. Он күн ішінде баспанамен қамтылатын болады» деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Павлодар ауданына келетін барлық жас мамандарға жан-жақты жағдайлар жасалып, қолдау көрсетіліп жатқанын да атап көрсетті. Осылайша, аудандық билік мәселені оң шешуге мұрындық болып отыр.  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30