Осы күні не көп, қазақстандық футболды сынаушы көп. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деп халқымыз тегін айтпаған шығар. Десек те әрқайсымыз ойланып көрейікші, мына бір сұраққа жауап берейікші: «Осы мен еліміз футболын дамытуға қандай нақты үлес қосып жүрмін?». Егер Сіз ата-ана болсаңыз, балаңыздың футбол ойнауына көңіл бөліп, жағдай жасадыңыз ба? Кәсіпкер болсаңыз, пайдаңыздың бір бөлігін футболды дамытуға жұмсадыңыз ба? Балалардың неге зәру екенін білесіз бе? Озық футбол елдерінде сияқты әр балада кем дегенде бір футбол добы болуы керек, ал бізде бірнеше балаға бір доптан келеді. Футбол жейдесі, аяқкиімі жеткілікті дей алмаймыз. Бізде шетелдердегідей ата-аналары жеті жасқа жетпей балаларын беретін футбол академиялары жоқ. Немесе Мадридтің «Реалында» сияқты командаларымызда балаларды кішкентайынан бауырына тартып, футболға баулу, таланттарды табуды жүйелі жолға қою әзірге арман...
(«Бес жылда «Былғары доптың» беделі артты ма?) деген мақаланы «Сарыарқа самалының» алдағы санынан оқи аласыздар).

