ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

      С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен баспасөз мәслихатында энергияны үнемдеудің кешенді жоспары талқыланды. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, электр және жылу энергиялары саласын зерттеп жүрген ғылыми қызметкерлерге энергияны үнемдеу бағытында жасалынып жатқан істер жайлы университеттің стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Мейрам Бегентаев баяндады. Оның сөзіне қарағанда, энергетика факультеті студенттерінің бастамасымен төрт жел генераторлары және Күн батарейлері оқу ордасының аумағында орналыстырылмақ. Осының нәтижесінде энергия жел және Күннен алынатын болады. Қондырғылар кем дегенде 5 жыл уақыт қызмет атқарады деп күтіледі. 2 кВт-тық бұл құрал-жабдықтардан шу да естілмейді. Олардың санитарлық-эпидемиологиялық, техникалық және тағы басқа қауіпсіздіктері бақылауда. «Гидромет орталығы ұсынған картаға, мәліметке сүйене отырып жұмыс жасап келеміз. Мәселен, орташа есеппен алғанда Павлодар қаласында бір жылда 264 күн шуақты болады екен. Күн батарейлері де соған орай жұмыс жасайды»,-деді проректор М.Бегентаев. Энергия сақтандырушы лампаларды орналастыру да жүзеге асып жатыр. Мұндай шам көздері «Студенттер үйінде» бар. Университет қабырғасындағы электр сақтандырушы лампалардың саны алдағы уақытта артады деп жоспарлануда. Мұндай электр көздері 80 пайыз электр энергиясын үнемдейтін көрінеді. Бұл, әсіресе, кәсіпорындарға, мекемелерге, оқу орындарына өте ыңғайлы деп атап өтті проректор. Сондықтан өзге ұйымдар тым болмаса бұл жайлы кеңірек ақпарат алса екен деген тілегін де білдірді. Павлодар облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, энергетика бөлімінің бастығы Нұрлан Машрапов та аталған ойды қолдады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30