ТАЛАП БОЛСА, ТІЛ ӨРГЕ ЖЫЛЖИДЫ

Күннен-күнге мемлекеттік тілдің мәртебесі артып, қолданыс аясы кеңейіп келеді. Оны күнделікті тұрмыстан да байқауға болады. Мысалы, қазір кез келген мекемеге барған азаматтың өтінішін мемлекеттік тілде беріп, жауапты да сол тілде алуға құқығы, мүмкіндігі бар. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілінің мәртебесін көтеру қарапайым жұрттың өз қолында дер едім. Егер жұртшылық үнемі талап етіп отыратын болса, кез келген қызмет көрсету орталығы сол талап үдесінен шығуға тырысатын болады.

Бүгінгі таңда белсенді түрде қолданысқа енген электрондық қызметтерден де қазақ тілінің аяқ алысы жақсарғанын байқайсыз. Банкоматтар мен мультикассалар, сонымен қатар ғаламторлық қызмет, электронды үкімет қызметтері ресми тілмен қатар мемлекеттік тілде қатар ұсынылады.

Қаламыздағы тұрғындарды құжаттандыру, жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарды рәсімдеумен айналысатын халыққа қызмет көрсету орталығында да мемлекеттік тілдің қолданысына зор мән беріледі. Орталық қызметіне жүгінген кез келген азамат мұндағы кеңесшілерден бастап барлық мамандардан өз сауалына жауапты мемлекеттік тілде ала алады. Біздегі мамандардың басым көпшілігі - жастар. Және олардың мемлекеттік тіл болашағына жауапкершілікпен қарайтыны қуантады.

Қазақ тіліөткеніміз бен бүгініміз, ең бастысы болашағымыз. Өз тілімізді өзіміз қадірлемесек, оның басқа адамға еш қажеті, құны болмайды. Көшеде де, үйде де, қызметте де біз оның абыройын төмендетпеуге тырысуымыз керек.

 

Жансая Ноғайбекова,

Екібастұз қалалық әділет басқармасының жетекші маманы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31