Жақында Павлодар облысына іссапармен келген Америка Құрама Штатының Индиана университетінің профессоры, саясаткер Уильям Фиерман облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Талғат Әбілқасымовпен кездесті.
Екі жақты кездесу барысында қазақ тілінің болашағы мен қолдану аясын кеңейтудегі өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ тың ойлар да ортаға салынды.
Шет елдік мейман Уильям Фиерман - Азия елдерінің арасындағы тілдік ахуалды зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген белгілі ғалымдардың бірі. Ол осындағы сапарында аймағымыздағы тіл саясатымен кеңірек таныс болып, жоғары оқу орындарының басшыларымен және ғалымдармен кездесуді жоспарлап отыр екен.
Профессор жүз қырықтан астам ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астына біріктіріп, тату-тәтті өмір сыйлаған тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуалмен және тіл саясатымен таныс болу - барша қауым үшін өте қызықты екенін айтады. Сондықтан да ол аймағымызда болған іссапарының табыспен аяқталатынына үміт артуда.
Н.АҚЫТЕГІ.

