МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТАҒДЫРЫНА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

Тіл - халықтың тағдыры, дүниетанымы, салт-дәстүрі. Өз тілінен айрылған ұлт сол ұлтқа тән барлық құндылықтарды жоғалтып, жеке өзіндік ойлау жүйесі жоқ мәңгүрт халыққа айналады. Ұлттық тіл, ұлттық рухани байлық, ұлттық мінез-құлықтан айрылған ұлттың болашағы да жоқ. Кеңес заманында ұлт тілдерінің қолдану аясын шектеу, отарлау саясаты салдарынан ана тілін ұмыта бастаған, қазақ ішінде қазақ тілін өз ана тілі ретінде қабылдамау үрдісі пайда болды.

Кеңестік идеологияның беті қайтып, қайта құру кезінде ғана қазақ тіліне аздап көңіл бөліне бастады. Алайда халқымыздың өз дәстүрі мен мәдениетін қалпына келтіру, ана тілін қайта жаңғыртқан тұс тәуелсіздіктің таңы атқаннан кейін ғана қолға алынды. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілге, қазақ тілін үйренеміз деушілерге мол мүмкіндіктер жасалып отыр. Азаматтарымыздың мемлекеттік тілді еркін меңгеруі үшін мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып, арнайы бағдарламалар аясында тілді үйрету қолға алынды.

«Тәуелсіздіктің барлық жылдарында біз бүкіл посткеңестік кеңістікте ең либералды тіл саясатын жүргіздік. Біз бұл мәселеде қажетсіз саясаттандырушылыққа ұрынбадық. Тіл проблемасын ел халқының тілдік сұраныстарын ескере отырып, өркениетті әдістерімен шешуге ұмтылып келеміз. Егер тіл туралы алғашқы заң бұдан 17 жыл бұрын, 1989 жылы қабылданғанын, ал мемлекеттік тілде іс жүргізуге 16 өңірдің тіпті жартысы да көшірілмегенін еске түсірсек, біздің елдегі қазақ тілінің шынайы жағдайы айқын бола түседі. Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру тағы да бәзбіреулерге қысым жасауды емес, орыс тілін иеленушілерге оны аудару және пайдалану мүмкіндігін беруді көздейді» - деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан еді.

Бәрімізге белгілі, Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқықтық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл болып табылады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мекемелерде оның қолдану аясын кеңейту егемендікке қол жеткен кезден бастап көтеріліп келеді. Ата Заңымыз - Конституцияда, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңында елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі, бұл тіл қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс-қағаздарын жүргізу тілі деп бекітілді. Қазақ жерінде мекен еткен халықты бірлікке ұйыстыратын аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру әрбір азаматтың парызы екені белгіленді. Осы талаптарды орындауды қамтамасыз ету мақсатында Елбасы 2007 жылдың 7 ақпанында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 550-ші Жарлығын қабылдады.

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға міндетті.

Ата Заңымыздың 7-бабының 1-бөлімінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Аталған Заңның 2-бөлімінің талабына сай, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына септігін тигізбей отырған кедергілердің қатарына қазақ азаматтарының қоғамдық көпшілік және қызмет органдарында бір-бірімен орысша сөйлесуді күнделікті әдетке айналдыруы, басқару орындарында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің өздерінің ана тілін нашар білуі немесе қызметшілер арасында мемлекеттік тілді еркін меңгерген мамандардың аз болуы жатады. Қазақ тілін мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүйесінде қолдану аясын одан әрі кеңейту кадрлардан ана тілімізді білуді талап етеді.

20 жыл ішінде Қазақстандағы тілдік жағдай түзеліп, қазақтар өз тілінің жаңғырту қажеттілігін түсініп келеді, бұны басқа этностардың өкілдері де қолдайды. Мемлекеттік тілді бекіту бойынша жұмыс еліміздегі үйлесімді және тұрақты этникалық қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталған Президенттің үш тілдің біртұтастығы бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін негіз құруымен қоса бірдей қалыптасу керек. Мемлекеттік тілді одан әрі дамыту дәйектілік қағидаттарын сақтаумен және мәжбүрлеу шараларына жол бергізбеумен қоса жүзеге асырылуын талап етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында - «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» - деп айтылған. Осы Заңның 19-бабының 2-бөлігінде - «әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар» - делінген. Әлеуметтік, ұлттық және тілдік астамшылықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмеу керек.

Демек, қазақ тілінің қоғамның басқа салаларымен қатар тең дәрежеде дамуы - мемлекетіміздің нығайып, егемендігіміздің баянды болуына мүмкіндік жасайтын бірден бір маңызды мәселе.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 7-бабында былай делінген: - «Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқығын кемсітуге жол берілмейді. Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады» - деп көзделген.

Қазақ тілі ұлттық тілге, нағыз мағынасындағы мемлекеттік тілге, білім, ғылым, саясат, қаржы тіліне айналу керек. «Мемлекеттік тіліңді мемлекеттік шекараңды қорғағандай қорға» деген ежелден келе жатқан қағида бар. Сонымен бірге «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» еліміздің келешегі мен болашағын ойлайтын болсақ, республикамызға өз атауын берген мемлекеттік тілдің деңгейін жоғарылатып, қадірлеп-қастерлей білейік.

«Тіл - егемендіктің нышаны», «тіл тағдыры - ел тағдыры» - деген сөздер бекер айтылмаған. Сондықтан мемлекеттік тіл тағдыры үшін, оның беделі үшін бәріміз жауапты екенімізді, жанашыры екенімізді ұмытпайық, ағайын!

Ә.ҚОЖАХМЕТОВ,

Ақсу қаласының прокуроры, әділет кеңесшісі,

Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31