Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы аймағымыздағы ономастика жұмыстарын жүйелеу мақсатында «Павлодар облысындағы ономастиканың өзекті мәселелері» атты облыстық семинар ұйымдастырды.
Семинарға Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жамбыл Артықбаев, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұқатай Тезекбаев, осы оқу ордасының география және туризм кафедрасының доценті, ғалым Қуат Сапаров, сондай-ақ тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, мекемелер мен ұйым басшылары және қалалар мен аудандардың тіл мамандары қатысты.
Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Талғат Әбілқасымов аудандық тілдер бөлімі мен облыстық басқарма арасында үйлесімді байланысты барынша нығайтса, жүргізіліп отырған жұмыстар оң нәтиже беретіндігін атады.
Ж.Артықбаев өз баяндамасында ономастика мәселесінде топонимиканың алатын орны ерекше екенін атап өтті. Өңіріміздегі көптеген аудан, ауыл, жер, су аттарының түп-тамыры қазақ сөздерінде деп жеткізді. Сондай-ақ, ғалым өзінің ұсыныстарын да білдірді.
Тіл жанашырлары осындай семинарлар жиі ұйымдастырылса, шешімі табылмай жүрген күрделі мәселелердің нәтижелі болуына ықпал жасайтындығын айтты.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

