Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің мәртебесі күннен-күнге өсіп, оған деген қажеттілік арта түсуде. Осыған байланысты Ақсу қаласында мемлекеттік тілді үйренемін деп ынта танытқан жандарға тегін оқыту курстары ұйымдастырылған. Бұл курстарды 83 адам бітіріп, сертификаттар алды.
Курстарға сабақ беруде тәжірибесі мол, білікті мамандар тартылып, 60 сағаттық жеделдете оқыту бағдарламасы бойынша оқытылды. Мемлекеттік тілді үйренушілердің басым көпшілігін өзге ұлт өкілдері құрады. Еуразиялық банктің қызметкерлері тіл үйренуде белсенділік көрсетті. Лидия Геберт өз мекемесінде курстардың талап деңгейінде өтуіне белсене атсалысты. Айтбек Жетпісов, Ольга Белова, Зоя Желонкина, Галина Меликсетян, Ирина Касса, тағы басқа тіл үйренушілер қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ақсудағы жақсы жаңалық, Юлия Михайленко республикалық «Тіл – халық жанының кілті» сайысында бас жүлдені жеңіп алды.
Ө.РҮСТЕМОВ, Ақсу қаласы.

