ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ

 

Мен үшін мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің белгісі. Мемлекеттіліктің белгісі оның шекарасы, Ата Заңы мен рәміздерінен басқа оның мемлекеттік тілімен де танылады.

Түркі тілдеріне жататын қазақ тілінің өз тарихы мен жаңа ғылыми негізі бар. Бүгінде кәсіби жетістіктерге қол жеткізу үшін мемлекеттік тілді меңгеру - міндетті және абыройлы іс.

Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып танылуымен бірге, тілімізге Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Олжас Сүлейменов пен Оралхан Бөкей сынды саңлақтары өшпес із қалдырған мемлекеттік тіл де жаңа қарқынмен дами бастады.

Еліміздің 19 жыл тәуелсіздігі ішінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Оны сапалы басылымдардан, мемлекеттік тілде сауатты жүргізілетін бағдарламалардан, азаматтардың сана-сезімінің өсуінен байқауға болады. Мұның барлығы біздің көз алдымызда өтуде.

Павлодар облысының ішкі істер департаменті 2007 жылдан бастап толық мемлекеттік тілге көшірілген, іс қағаздары 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізіледі. Осыған байланысты Павлодар қаласының Ішкі істер басқармасымен мемлекеттік тілге ерекше көңіл бөлінуде. Тыңдаушылардың мемлекеттік тілді емін-еркін игеруіне барлық жағдайлар жасалып, жаңа техникалық құралдар алынды. Бөлімде мемлекеттік тілді игеру сабақтарына жалпы 15 топтан тұратын 406 қызметкер қатысады. Басқарма басшылығының жетекшілік етуімен полиция қызметкерлері үшін арнайы жабдықталған қазақ тілі кабинеті де бөлінген.

Мемлекеттік тілдің дамуы мен өркендеуі - біздің өз қолымызда. Бұл сөздің мағынасына әрбір қазақстандық терең мән-мағына беру керек. Менің ойымша, егер әрбір жетекші өзінің қарамағындағы қызметкерлерден жалпы істі дамытуға өз сүбелі үлестерін қосуды талап етсе, зор жетістікке жетер едік.

Әр адамға өз ана тілі қымбат. Мен өзім орта мектепті, кейіннен жоғары оқу орнын орыс тілінде оқысам да, ата-бабамның әдет-ғұрпына бас иіп, менің туған тілім, ана тілім - қазақ тілі деп зор мақтанышпен жар саламын.

Сонымен бірге мемлекеттік тілді игерумен қатар, біз ұлттық рухты да естен шығармауымыз керек. Отанға деген сүйіспеншіліксіз, патриоттық сезімсіз мемлекеттік тіл қанатын өркендеп, жаймайды. Адамды өз ұлтына, діні мен діліне деген сезімі асқақтатып тұруы қажет. Міне, осы жағдайда ғана біз еліміздің дамуы мен халқымыздың бірлігіне қол жеткізетін боламыз.

 

Жанна Біләлова,

Павлодар қаласы ІІБ баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28