МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

 

Елімізді дүние жүзіне таныту мақсатында бүгінгі таңда Елбасы, өкімет, жалпы халық болып, әрқайсымыз өз үлесімізді қосудамыз. Көрегенді басшының бастауымен дағдарыстан дамуға бағыт алған жас мемлекетіміздің ел үшін игі істері де аз емес екенін білеміз. Соның нәтижесінде сіз бен біз өнеге-үлгі боларлықтай ынтымағымыз жарасып, тату да берекелі тәуелсіз өз елімізде өмір сүрудеміз, деп мақтанышпен айта аламыз. Бұл бақытқа жетпегендер қаншама. Осыдан небәрі жиырма жылға толар-толмас уақыт бұрын ғана, Қазақ елін біреу білсе, біреу білмейтін еді. Естісе де, білсе де назар аудармайтындар бүгінгі күні таңдана қарап, қызыға сүйсінетініне жеттік, тәуба. Мемлекетіміздің игі істерінің бірі – Ата заңымыз Конституцияда белгілеп, арнайы заңдар шығарып, қаншама қаржы бөліп, небір бағдарламалар түзіп, өз ана тіліміз – қазақ тілін шын мәнінде еліміздің мемлекеттік тілі болуына талпынған мақсатын баршамыз қолдауға тиіспіз. Қазақ тілі - өз ойымызды айтып жеткізу, сөйлесу, амалымыз бен арманымызды жүзеге асыру, күнделікті қарым-қатынас жасау үшін Алланың бізге берген қасиетті ерекше сыйы емес пе. Өз тілің, елің мен жерің болмаса өзгеге тәуелділік емес пе? Бүкіл ұлттың болмауына, елді бақытсыздыққа душар ететін жол – ана тілінің жойылуы, бұл санасы ояу жанға белгілі ғой. Сондықтан шаңырағымыздың шайқалмай, биік, ынтымағымыз берік, өміріміз берекелі де мерекелі болсын десек, тек қана ана тілмен отандастарымызды жақсылыққа шақыруға болатынын ұғынайық.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, еліміздің ертеңгісі мен бүгінін айқындайтын, тамырын түбегейлі жайып, мықты елдер қатарында болуына ықпал ететін тілдің кең қолдануына отандастарымыз, оның ішінде өз ұлтымыздың өкілдері немқұрайлы қарамауға тиіс. Ана тілімізді үйренуге, бір-бірімізбен сәлемдесуден бастап сұхбаттасуға, ойымызды жеткізуге және де өзге ұлт өкілдері болып табылатын отандастарымызға үйретуге талпынайық. Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап жеткен, еліміздің егемендігін болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге азаматтық парызымыз деп ерекше ықылас танытайық, себебі Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқықтық белгілерінің бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады.

Д.ӘЗІРЕТҚҰЛОВ,

Екібастұз қалалық сотының судьясы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28