НИЕТ БОЛСА, МАҚСАТ ОРЫНДАЛАДЫ

 

 

Еліміз егемендігін алысымен қазақ тіліне «мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. Осыған орай, республиканың түкпір-түкпірінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстар қолға алынды. Қазақ тілінде оқытатын жаңа оқу ордалары бой көтеріп, ана тілінде білім алғысы келетін жеткіншектер үшін барлық мүмкіндік жасалды. Мемлекеттік тілді үйренушілерге қолдау көрсету мақсатында тегін курстар ашылды. Ұлттық өнер насихатталып, ұлы тұлғаларымыздың шығармашылығына арналған байқаулар көптеп ұйымдастырылды. Атап өтерлігі, әр облыста тілдерді дамыту жөніндегі басқармалар құрылып, мемлекеттік тілдің кеңге қанат жаюы үшін арнайы бағдарламалар жасалды. Сол бойынша елде балабақшадан бастап құзырлы мекемелердің барлығы сөздік кітаптарымен, электронды оқулықтармен және мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілді. Мәселен, Павлодар облысы тұрғындарының мемлекеттік тілді үйренуі үшін қалада тілдерді дамытудың оқу-әдістемелік «Ана тілі» орталығы ашылды. Бүгінде мұнда қазақ тілін меңгеруге ниетті барлық ұлттың өкілдері келіп, тегін дәріс алуда.

Өзге ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілге деген құштарлығын ояту үшін түрлі іс-шаралар өткізу - барлық өңірде дәстүрге айналды. Елде атқарылған осындай толағай жұмыстарға қарамастан, мемлекеттік тілдің әлі де діттеген деңгейіне жетпегені жасырын емес. Алайда «көш жүре түзеледі» демекші, көпұлтты елімізде мемлекеттік тілді дамыту шаралары жылдан-жылға қарқынды жалғасын табуда.

Елбасының биылғы Жолдауында да мемлекеттік тілді дамытуға ерекше мән берілгені көңілге қуаныш ұялатты. Президент халыққа Жолдауында: «Біздің міндетіміз - 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін жасап жатырмыз», - деп, мемлекеттік тілдің болашағы зор екенін тілге тиек етті. Ұлт көшбасшысынан мұндай жағымды жаңалықты естіген әрбір тіл жанашырының төбесі көкке жетті.

Қуантарлығы, ұлты басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір өзге ұлт өкілдері де бүгінгі таңда мемлекеттік тілге құрметпен қарап, оқып-үйрене бастағандарын байқатты. Оған ауыз толтырып айтарлықтай дәлелдер де баршылық. Айталық, облыстағы белсенді жастардың бірі Элена Иванова өзі қазақ тілін жақсы меңгеріп қана қоймай, бар білгенін өзге бауырластарына үйрету мақсатында облыс орталығындағы Достық үйінде «Жорға» клубын ұйымдастырды. Ал орыс қызы Наталья Покидова Павлодар қаласындағы №2 мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне қазақ тілі пәнінен сабақ беруде. Жұдырықтай жүрегі қазақ тілімен бірге соққан ол «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бойтұмар етіп, болашақта мемлекеттік тілдің жасайтынын, сол үшін өзі де қазақ тілінің маманы болуды мақсат еткенін алға тартты.

Міне, осындай отандастарымыздың мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі – тату-тәтті, егемен еліміз үшін үлкен мәртебе, зор құрмет. Мұндай жетістіктерге қарап, мемлекеттік тілге қатысты Елбасының Жолдауда жүктеген міндеттері мен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» жемісті жүзеге асатынына еш күмән жоқ.

Сандаған ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астына біріктіріп, бірлігін жарастырып, сарабдал саясатының арқасында Қазақстанды небары 20 жылда күллі әлемге танытқан Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев тұрғанда туған тіліміздің де көсегесі көгеріп, айы оңынан туатын күннің алыс емес екендігіне қазақстандықтар бек сенімді!

Нұржайна ШОДЫР.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28