«ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ» немесе тіл үйрету орталықтары бірлесіп қызмет етеді

 

 

Елбасымыздың биылғы Жолдауында елімізде тілдерді дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Осы аса маңызды құжатта мемлекеттік және орыс тілін, өзге де қазақстандық этностар тілдерін дамыту  бойынша нақты тапсырмалар берілген. Атап айтқанда, 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар саны 80 пайызды, ал 2020 жылға дейін олар кемінде 95 пайызды құрау керектігі жоспарланды. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігі еске салынып, осыған байланысты 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауға тиіс делінді.
Тіл саясатын жүргізуде асқаралы міндеттерді жүзеге асыру мемлекеттік ұйымдар тарапынан үлкен ұйымдастырушылық белсенділікті қажет етеді. Осыған орай өткен жұма күні Павлодар қаласында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшылығының қатысуымен тілдерді дамытудың оқу-әдістемелік «Ана тілі» Павлодар облыстық орталығы «Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту: ізденістер мен тәжірибелер» атты семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес Президенттің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» талқылай отырып, қазақ және ағылшын тілдерін сапалы оқыту жолдары бойынша тәжірибе алмасуды мақсат етті.
Осы шараға жоғары оқу орындарының ғалым-ұстаздары, Павлодар қаласындағы тіл үйрету орталықтарының басшылары мен әдіскер мамандары шақырылды.
Семинар-кеңесті Тілдерді дамытудың оқу-әдістемелік «Ана тілі» Павлодар облыстық орталығының басшысы Е.Мұсапов жүргізді.
Алғаш болып сөз алған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Қ.Еділбай Елбасы Жолдауына орай тілдерді үйренуге байланысты үлкен міндеттердің алға қойылғанын, осыған байланысты өңіріміздегі тілдерді үйрету орталықтарының қызмет аясы кеңейе түсетінін айтты.
Тілдерді дамытудың оқу-әдістемелік «Ана тілі» Павлодар облыстық орталығы директорының орынбасары З.Мамбетова, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма жанындағы сараптау комиссиясының төрағасы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Б.Сағындықұлы, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің профессоры Г.Болатбаева, «Новое поколение» тіл үйрету орталығы директорының орынбасары Э.Марқабаева, тағы басқалар күн тәртібіндегі мәселе бойынша ойларын ортаға салды.
Семинар-кеңеске қатысушылар облысымыздағы барлық орталықтар тіл үйретуде бірлесіп қызмет етіп, жұмыс сапасын жақсартқанды жөн деп тапты. Бұл ұсыныс алдағы уақытта талқыланып, өзара тиімді қызметтестіктің құжаты қабылданады деп келісілді.
 
Ө.ТАСТЕМХАНОВ.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28