ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

Жуырда Павлодар қаласындағы заң колледжінде мемлекеттік тілге байланысты «Өз тіліңді құрметте» атты айлық ұйымдастырылды. Іс-шара шеңберінде «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістіктегі рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға облысымыздағы қазақ тілінің жанашырлары мен мемлекеттік тілде білім алып жатқан өзге ұлт өкілдері және Павлодар заң колледжінің студенттері мен курсанттары қатысты.

Іс-шара мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және жастардың қазақ тіліне деген ынта-ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Тіл жанашырлары әлеуметтік-коммуникативтік кеңістіктегі 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама негізінде қойылған талаптарды белгіленген мерзім ішінде жүзеге асыру жолдарын талқылады. Дөңгелек үстелге қатысқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Зейнуллина білім беру орындарында кәсіби қазақ тіліне байланысты жаңа сабақтар енгізу керектігін жеткізді.  Қатысушылар мемлекеттік тілдің аясын кеңейту үшін аянбай еңбек ететіндерін алға тартты.

Қылмыстық-атқару

жүйесі комитетінің

Павлодар заң колледжі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31