АНА ТІЛІҢ – АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ!

 

Жарық дүниеде өмір сүру бақыты бұйырған кез-келген адамды адам ететін күш оған Алла нәсіп еткен ақылы мен тілі болмақ. Ақыл мен тіл жаңа туған адамға тек қоғамдық қатынас арқылы ғана қонып, оны пендеге (өмір үдерісі барысында) айналдырады. Сондықтан да, аталмыш екі құндылық - тән мен жаннан тыс жатқан қоғамдық құбылыстар. Яғни, Жаратушы Иемізден бұл дүниені таныту, игеру үшін адамға берген қару-құралы - ақыл мен тіл деп түсінеміз.

 

Ақылтаным, тілқарым-қатынас құралы. Сол себепті, ақыл мен тіл - жұмыр басты пенденің тағдыры емес, Алланың берген несібесі. Ал адамның тағдыры дегеніміз - оның жер бетіне қандай да бір ұлттың, халықтың өкілі болып келгендігінде. Әлі туылмаған адам өзінің болашақ халқы мен ұлтын таңдауы мүмкін емес және туылған соң оны өзгерте алмайды. Ал тілді сәби кезінде ата-анасының қалауымен, ержеткен соң өз еркімен таңдап игере алады. Міне, дәл осыдан-ақ, біз тән мен жан адамға Аллаһтан бұйырылған тағдыр, ал ақыл мен тіл керісінше, қоршаған ортаның және экологиялық факторлармен қалыптасқан қоғамдық қарым-қатынастарға байланысты екенін ұғамыз. Мысалы, біз, қазақтар, қайда жүрсек те бір-бірімізбен қазақша сөйлесумен емес, тек қазақ болып туғандығымыздан тағдырлас адамдар болмақпыз.

Міне, дәл осыдан бастап бүгінгі қазақ жеріндегі қазақтар бір тағдырлы, бірақ көп тілді халық болып өмір сүріп жатыр. Арамыздағы қазақ болып туғанына өкініп, тілімізден безгісі келетін өгейсаналы, өгейтілді қандастарымыз бәрібір қазақы тағдырымыздан безе алмайды. Өйткені, олар халқынан, ұлтынан қашып құтылуы мүмкін, бірақ өзін қазақ етіп жаратқан Құдайдан қашып құтыла алмайды. Себебі, олар тілін өзгерткенімен, тегі мен қаны - қазақ.

Иә, кез-келген ұлттың тілі аса қасиетті де қадірлі құрметтерге лайық. Бірақ, өзінің туған тілін білмеу, ұмыту, менсінбеу, сөйлемеу, қорлауаса үлкен күнә.

Жаратушы өзінің қазақ болып тудырған адамын ақыретте де қазақ ретінде қабылдайды. Бұлкүмән тудырмас ақиқат.

Қиямет күні құдыреті күшті Алла тағаладан адам баласын дүниеге әкелерде аманат етіп тапсырған туған тілімізді менсінбей қорлаған болсақ, сол үшін Алла алдында есеп береріміз хақ.

Кез келген адам сәбилік шағынан қандай тілде сөйлей бастасасол тілде ғана ойлай һәм тек сол тілде ғана жан дүниесі қалыптасады. Негізгі қатынас тілі қандай ұлтқа тән болса, сол ұлттың тілі де баланың ана тіліне айналады. Сондықтан да, баланың өгейтілділігі үшін өзі емес, оның ата-анасы мен өмір сүрген ортасы кінәлі болмақ. Осы себептен де бүгін біз қазақ тілінің мәселесін өгейтілділерге қарсы күрес жүргізумен емес, керісінше, сол өгейтілдікті тудыратын керағар жағдайларды біртіндеп жоюға бағыттағанымыз абзал.

Тіліміздің қасиеттілігіоның бізге, қазақ ұлтына Ұлы Жаратушыдан берілгендігінде. Дәлірек айтсақ, қазақ тілі - өткен шақтың, осы дүниенің және о дүниенің тілі. Біздің тіл бұ дүниеден өшіп жоғалар болса да, бақи дүниеде оның өшуі мүмкін емес. Өйткені ақиретте біз бұрынғы ата-бабаларымызбен, кешегі өткен туыстарымызбен тек туған тілімізде ғана көрісіп, Аллаһ алдындағы иман таразыда осы тілімізде ғана жауап береріміз хақ. Ұлы Жаратушы Иеміз бізге ешкімге ұқсамайтын қазақы болмыс пен қазақы жан дүниемізді, осы өмірдегі қалпымызды дәлме-дәл бейнелеп, айнаға түскендей шағылыстырып көрсетіп тұруға қабілетті жалғыз тілқазақ тілін берді. Біздің ұлттың табиғи болмысына, басқа ешбір ұлттың тілі рухани тұрғыдан сай келмейді.

Тіліміздің киелі де қасиетті болатындығы - ол бағзыдағы «үстінде көк аспан, астында қара жер пайда болғанда екеуінің арасында адам баласы жаралып, адам баласы үстіне иелік еткен ата-тегіміз көк түріктер» ұрпағының тілі болмақ. Бұдан сан ғасыр бұрын елім деп еңіреп өмір кешкен Бумын қаған, Тоныкөк абыз, Күлтегіндей батыр бабаларымыз мәңгі өшпестей етіп өсиет сөздерін осы көне түрік тілінде тасқа ойып жазып, ұрпағы біздерге аманат еткен. Сондықтан, бүгінгі қазақ тіліШығыс пен Батыс Түркі қағанаттарының, Дешті-қыпшақтың, ұлы Шыңғыс хан қосынының негізін құраған бүгінгі қазақ тайпаларының, Алтын орда, Ақ орданың, Жиделі Байсын жерімізді арыстандай алысып қорғаған Алпамыс, Қобыландыдай батырлар мен қазаққа Жерұйық іздеп желмаясымен желдей ескен Асан Қайғының, бостандық үшін құрбан болған Исатай мен Махамбеттің, Абайдай дана данышпанның, Абылайдай айбынды патшаның, Желтоқсандағы Қайрат пен Ләззаттың, Алтай мен Алатаудай асқар шыңдардың, Жетісу мен Сарыарқадай дархан даланың, бұлбұлдай сайраған бүгінгі ұлтжанды ұл-қыздарымыздыңтөл тілі.

Тәңіртекті қазақ тілітұнық та таза, тамаша да таңғажайып, толық та тұрақты, сөздік қоры ұшан-теңіз. Бұл тілде сөйлей білген адамның айызы қанып, рухы нұрланады.

Қолымыз бостандыққа жетіп, Тәуелсіз мемлекет құрып, оның тау тұғырын нығайтып дәл бүгінгі таңда осы киелі де қасиетті ана тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, ең қымбат, баға жетпес ұлттық құндылық ретінде қастерлей әрі Жаратушы Иемізден сыйға тартқан толыққанды, табиғи қалпына келтіре алмасақонда Ұлы Алланың қаһарына ұшырап, ұлт ретінде адамзат сапынан аласталып, тарих сахнасынан өшеміз. Сондықтан да, бізді ұлт ретінде сақтап қалатын осы тілімізден басқа ешқандай күш пен құдірет жоқ екенін жете түсініп, туған тіліміз арқылы бүгінгі мемлекетіміздің келісім мен бірлігіне, ынтымағы мен ымырасына ұйытқы болуға тиіспіз. Өйткені, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасын құрушы ұлт қазақ ұлты және де осы мемлекеттің ұлан-ғайыр жері мен байлығының иесі де қазақтар екені даусыз. Осы ұлы даланың тәуелсіздігі, бостандығы үшін, оны қорғау үшін біздің ата-бабаларымыздың ғана қаны сан ғасырлар бойы төгіліп келгенін ұмытпайық. Міне, сол бабаларымыз өз мемлекетінің төрінен орын алып, өз міндетіне толық кірісуіне қаны бар, ары бар, намысы бар азаматтар жаппай атсалысуға тиіс.

Туған тілімізді игеруге пайымды парасаттылық пен табысты табандылық таныту әр қазақ азаматының қасиетті борышы болмақ!

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,

Республикалық «Оян, намыс»

қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық

журналының аймағымыздағы меншікті тілшісі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31