«Қазақша сөйлесейік» акциясы шеңберінде Ақсу кенті әкімінің аппараты бойынша ай сайын кең ауқымды іс-шаралардың бірі - «Алаштың ақиық азаматтары туралы естеліктер» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш акция орыс тілді тыңдаушылардың арасында ұйымдастырылды. Қарашаш Омарова, Сарбалдақ Дүйсенова, Бегаин Сексембаева қазақ халқының Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды ұлы тұлғалардың шығармашылығы мен өмірбаяндары туралы мәліметтерді баяндады. «Қазақша сөйлесейік» акциясы мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыруда. Қазақ тілін тек үйреніп қана қоймай, тереңірек меңгеруге деген ынта бар. Бұл еліміздегі тұрақтылықтың, достықтың, бірліктің негізі болып отыр.
С.ДҮЙСЕНОВА,
ұстаз-зейнеткер.

