АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС –АУҚЫМДЫ

     Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы Талғат Әбілқасымов баспасөз мәслихатында облысымыздағы тіл саясаты аясында жартыжылдықта атқарған жұмыстарға қорытынды жасады.

     Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізілген басқосуда Талғат Шайкенұлы тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың жұмыс барысымен таныстырды. Басқарма үш бағыт бойынша қызмет атқарады. Алғашқысы - облыстағы мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінің қолдану жұмысын бақылау. Бірінші жартыжылдықта 40 тексеріс жүргізілді. Олардың басым бөлігінде құжаттырды толтыру кезінде, жеке меншік және мемлекеттік мекемелердегі маңдайшалардың, аңдатпалардың және тағы басқа жазулардың жазылуы кезінде жіберілген қателіктер. Осындай олқылықтар орын алған кезде басқарма бір ай мерзім ішінде қатені жоюға мүмкіндік береді. Аталған уақыт аралығында кемшілікке жол берген мекеме оны түзетуі тиіс. Түзетпеген жағдайда әкімшілік іс қозғалады. Талғат Шайкенұлының айтуына қарағанда, мұндай істер бірнеше рет қозғалып, сот барысында басқарма өздерінің дұрыстықтарын дәлелдей білген. «Бір өкініштісі, біз өрескел қателіктерді жіберген мекемелерге айыппұл сала алмаймыз. Әрбір жазуды біз тексеріп, назарға алатын болсақ, мұндай қателіктер орын алмас еді»,-дейді басқарма бастығы Т.Әбілқасымов. Сонымен қатар ол осы бағытта жұмыс істеу барысында кездескен проблемаларды анықтап қана қоймай, оларды шешу жолында да бірқатар іс-шаралардың орындалып жатқанын хабарлады. Мәселен, жыл сайын жарыққа шығатын әдістемелік құрал-жабдықтар, көмекші құралдар және тағы басқалары.
    Екінші бағыт – мемлекеттік тілді оқыту мәселесі. Осы мақсатта 2005 жылы «Ана тілі» оқыту орталығы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылған болатын. Бүгінде облыс бойынша мемлекеттік тілді оқытатын осындай орталықтардың саны 18-ге жетті. Олардың қатарында жеке меншік мекемелер де бар. Жылына 12 мың адам мемлекеттік тілді меңгеру бойынша тәлім алады. Облыстық бюджеттен өз еркілерімен мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдіретіндер үшін биыл 3 млн.теңге қаржы бөлінді. Өткен жылы 270 адам, ағымдағы жылы 250 адам тегін білім алуда. Аймағымыздағы «Қазақстан Алюминийі» АҚ, ГРЭС-2, Ақсу ферроқорытпа зауыты секілді алпауыт өндіріс орындарының қызметкерлері де мемлекеттік тілді үйрену сабақтарына қатысады. «Осыдан 3-4 жыл бұрын мемлекеттік қызметкерлер қатарында қазақ тілінде еркін жазып, сөйлей алатын адамдар саны 11-15 пайыз болатын. Одан кейінгі жылдары бұл көрсеткіш 26 пайызды құрады, ал осы жылы 46 пайыз қызметкердің мемлекеттік тілді білетіндіктері анықталды»,-дейді Талғат Шайкенұлы. Сонымен қатар, 14 мемлекеттік мекеме және 3 мәдени орталық ілеспе аудару құралымен жабдықталған. Бұл да қызметкерлер үшін тілді үйренуге жасалған жақсы жағдайлардың бірі.
    Үшінші бағыт – тіл саясатын жүзеге асыру. 2009-2010 оқу жылында жергілікті ұлтқа жатпайтын 454 оқушы қазақ тілді мектептерде білім алды. Басқа ұлт өкілдері балаларының қатарында қазақша балабақшаға 986 бала барды. Ал 100 студент жоғары білімді мемлекеттік тілде алды.
    Сонымен қатар, тілдерді дамыту жөніндегі басқарма «Достық үйімен», «Замандас» клубымен тығыз байланыста қызмет атқарады. «Достық үйінде» Элина Иванова бастаған бір топ өзге ұлт азаматтары «Жорға» клубын ашты. Мұнда барлық азаматтар мемлекеттік тілде ой бөлісіп, пікір алмасу үшін жиналады. Өткен аптада «Возрождение» этно-мәдени бірлестігі ұйымдастырған жазғы лагерь аяқталды. Тәрбиеленушілер ана тілдері – неміс тілімен қатар қазақ тілін оқыды. Ұлты лезгин Диана Багишева осында қазақ тілі сабақтарын жүргізді.
    Облысымызда мекен ететін 98 ұлт және диаспора өкілдеріне арнап тілдер басқармасы жыл сайын ұлттық жаңғыру мектептеріне оқу-әдістемелік құралдар шығарады. Мәселен, болгар бөліміне «Обичам България», белорусь бөліміне «Радзима» кітаптары басылды. Өткен 2009 жылы бес бөлім үшін «Бастауға бағдар» құралы жарық көрді.
    Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастыратын көптеген іс шаралар облыста мәдениет саласының дамуына, ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған. Мәселен, «Ғасырлар жырлайды» атты жыршы, айтыскерлердің облыстық сайысы. Қазақ тілінде еркін сөйлейтін отандастарымыздың қатысуымен «Абай оқулары» ұйымдастырылады. Өткен жылы жерлесіміз Таисия Страдаева республикалық сайыста бас жүлде иегері атанған еді.
     Жыл сайын түркі жазбалар күні мен славян жазбалары күні аталып өтеді. Осындай шараға да әр түрлі ұлт өкілдері белсене қатысады.
    Тілдер басқармасының қазақша КВН-ды дамытуға қосып жүрген үлесі орасан зор. Солардың бірі – «Жасыбай толқыны» республикалық фестивалі. Тамыз айында басталатын аталмыш шараға дайындық жүргізілуде. Бұл - жастар арасында қазақ тілді ортаны дамытуға үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Сондай-ақ, «Тіл - достық құралы» фестивалі ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
Жалпы айтқанда, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың алға қойған жоспарлары көп.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31