Өркенің өссін, ана тілім!

 

       Еліміздің тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы шыққаны белгілі. Мемлекеттік тіліміздің дамуы мен өркендеуіне өз септігін тигізетін жаңа жобамен мен де танысып, өз пікірімді білдіруді жөн көрдім. Жобаның жан-жақты дайындалып, алтын қазына - тіліміздің дамуына барлық жағдайлар жасалынғаны қуантады. Белгілі қоғам қайраткері ақын М.Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» деген кітабында: «Тіл мамандарының есебі бойынша 2004 жылдың қаңтарына дейін әлемде 6809 тіл қалыпты» деген мәліметті тілге тиек етеді. Ал одан кейін АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша әлемде 7500 ұлттың тілі бар көрінеді. Осы ұйымның ішінде орыс халқында 170 000 сөз болса, біздің қазақ халқының 150 000 сөзі бар көрінеді. Сөздің байлығы жөнінен қазақ тілі алғашқы бестіктің ішінде екен. Бұл дегеніміз, қанша қиындықты бастан кешірсек те, тілімізді сақтап қалған бабаларымыздың еңбегі екенін жете түсінуіміз қажет. Қазақтың тілінің ойдағы сөз, үн, дыбыс болып көмейден сыртқа шыққанда ырғағымен, сұлулығы мен әуезділігі жағынан дүниежүзі тілдерінің ішінен үшінші орынға ие екен.
       Жобада тіл тазалығы жөнінде де жақсы айтылған. Әрине, бұған да мән берген жөн. Адамның өз тілінде таза сөйлеуі де өнердің алды ғой. Бірақ бүгінгі жаһандану заманында тіліміз шұбарланып жатқаны өкінішті-ақ. Тіл шебері Ұлы Абай өз шығармашылығында 374 парсы сөзін, 50 шақты орыс тіркестерін, қазақтың ежелден айтылып келе жатқан 53 мақал-мәтелдерін пайдаланған.
       Тілге арналған бағдарламада ономастика мәселесі де үлкен мәнге ие. Жасыратыны жоқ, бұл жөнінен аймағымызда өте көп мәселелер қозғалуда. Бағдарламаның жүзеге асырылуына берілген 10 жылдық мерзімде туған тілімізге қатысты мәселелер түбегейлі шешілетініне сенімім мол.

Жұмаш АРЫНТАЕВА,
Май ауданы, Баскөл ауылы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31