ТУҒАН ТІЛ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ – ЕЛГЕ СЫН

 

       Павлодар облысы білім беру басқармасы бастығының 2010 жылғы «Қазақша сөйлесейік!» акциясын өткізу туралы бұйрығын орындау мақсатында Ақсу қаласының білім беру бөлімінің бастығы С.Солтанов Ақсу қаласы мен ауылдардағы білім ордаларында, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарда әр айдың сәрсенбісінде «Қазақша сөйлесейік!» атты республикалық акцияны өткізу туралы шешім шығарды.
       Осыған орай барлық білім беру мекемелеріндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімдері акцияның өткізу жоспарын жасауға кірісіп кетті. Акция күндері сабақ, семинарлар, сайыстар, көрмелер, түрлі тәрбиелік шаралар өткізілмек. Бұл күні білім беру бөлімінің мамандары мектептерге шығып, ондағы акті залы мен сыныптардың плакаттармен, суреттермен безендірілуіне назар аудармақ. Ай сайын аталмыш акция өткізілгеннен кейін білім бөліміне жазбаша түрде ақпарат ұсынылып отырмақ. Ал акцияның ойдағыдай өткізілуіне әрбір мекеме басшылары жауапты болмақ. Осындай түрлі шараларды ұйымдастырудың арқасында мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта түсетін болады. Біз мемлекеттік тіліміздің құдіретті екенін қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптейтін түрлі көрмелер ұйымдастыру арқылы да паш ете аламыз. Жалпы, өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлеуге бейімдеп, тілге деген сүйіспеншілігін, тіл үйренуге деген құлшынысын арттыруда «Қазақша сөйлесейік!» акциясының маңызы зор. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері құрған жоспар бойынша әр айдың бірінші сәрсенбісінде өзге ұлт өкілдерімен семинар сабақтары жүргізіліп, тіл үйретумен бірге ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту жолында түрлі жұмыстар жүргізілетін болады.

Бақыт БҰЛАНБАЕВА, мұғалім,
Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30