«АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ...»

       Жақында Достық үйінің мәжіліс залында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тілдерді оқыту негізіндегі жетістіктер» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Шараға облыс орталығындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ұлттық жаңғыру мектептерінің оқытушылары шақырылды.

       Алқалы жиынға қатысушыларды алдымен облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Талғат Әбілқасымов Қазақстан Республикасы Конституциясының он бес жылдық мерейтойымен құттықтап, бір шаңырақтың астында бір отбасының балаларындай тату-тәтті күн кешіп жатқан өзге ұлт өкілдері үшін аталмыш мерекенің маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар ол облыс орталығындағы ұлттық жаңғыру мектептерінде өз ана тілдерінде білім алушы балаларға барынша жағдай жасалынып жатқаны жөнінде сөз етті. «Қазіргі таңда Павлодар облысында 98 ұлттың өкілдері бар және 19 этномәдени орталық, 16 ұлттық жаңғыру мектебі жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет болғандықтан, осында тұратын барлық халықтың ана тілін, мәдениетін дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде», - деді Талғат Әбілқасымов. Бұдан соң ұлттық жаңғыру мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жамал Байманова облыс орталығындағы ұлттық жаңғыру мектептерінің тыныс-тіршілігі жайында баяндап берді. Оның айтуынша, облыс орталығында шешен-ингуш, әзірбайжан, армян, белорус, чуваш, татар, неміс және басқа да аймағымызда көп қоныстанған ұлт өкілдерінің ана тілін тереңдете оқытатын ұлттық жаңғыру мектептері бар. Аталған білім беру мекемелері арнайы электрондық және лингвистикалық оқу-құралдарымен, мультимедиялық кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Онда білікті мамандар қызмет етеді әрі олар жыл сайын арнайы курстарға жіберіліп, біліктілігін арттырып отырады. Соның нәтижесінде ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары көптеген республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлдемен оралуда. Атап өтерлігі, мұндай мектептерде оқып жатқан басқа ұлттың балалары ана тілімен қоса мемлекеттік тілді де үйренеді екен. Бұл жөнінде ұлттық жаңғыру мектептерінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әлия Әбішева баяндады. Ол жыл сайын өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірушілер санының артып келе жатқанын айтады. Бүгінде ұлттық жаңғыру мектептеріндегі балалардың басым бөлігі мемлекеттік тілді үйренуде. Тіпті, олардың арасында қазақ тілінде еркін сөйлей алатын деңгейге жеткен ынталы жастар да бар екен.
       Шара барысында ұлттық жаңғыру мектебінің армян бөлімшесінің мұғалімі Сусанна Аракелян өзі қызмет етіп отырған мектептің жетістіктері жөнінде әңгімелеп, қазақ жерін паналаған армян ұл-қыздарының ана тілі мен дәстүрлерін ұмытпай, ел қатарлы бақытты өсір сүріп жатқаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол өз болашағын гүлденген Қазақстанмен байланыстырғысы келетін әр ұлттың өкілдері өз тілімен қоса мемлекеттік тілді де меңгеруге міндетті екендігін жеткізді. Ұлттық жаңғыру мектебінің шешен-ингуш бөлімшесінің мұғалімі Лидия Опиева аталмыш мектепте ана тілімен қоса қазақ тілі қатар оқытылатынын, ондағы оқушылар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған республикалық «Қазақша сөйлесейік!» және басқа да акцияларға, іс-шараларға белсенді қатысып тұратынын айтты.
       Отырысқа қатысушылар ұлттық жаңғыру мектептерінің тыныс-тіршгілігімен таныс болып, ондағы тәжірибелермен бөлісті. Ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Ең бастысы, елімізде мемлекеттік тілді ғана емес, өзге ұлттың өз ана тілдерін дамытуға да жете мән беріліп жатқанын көріп, алғыстарын жеткізді.
       Шара соңында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Талғат Әбілқасымов этномәдени бірлестіктердің жетекшілерін мемлекеттік тілді оқыту мен насихаттауда бірлесе жұмыс жасауға шақырып, барлық қатысушыларға басқарма тапсырысы бойынша шығарылған орысша-қазақша тілашар сөздіктерін сыйға тартты.

Нұржайна ШОДЫР.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30