КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ЖЕТКІНШЕКТЕР

полиция бақылауына алынды

 

2010 жылдың қыркүйек айының 13-ші жұлдызынан бастап елімізде республикалық «Полиция және мектеп» атты акция басталған болатын. Бүгінде аталмыш шара барлық облыстарда жаппай қолға алынуда. Мектеп оқушыларының қоғамдық қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылып отырған акция Павлодар қаласында да өз деңгейінде жалғасын табуда. Соның дәлеліндей, жақында қаладағы №5 орта мектепте Павлодар қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен алқалы жиын болып өтті. Оған облыс орталығындағы №5, 23 және 27 мектептің оқушылары мен мектеп инспекторлары, мұғалімдері шақырылды.

 

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсатыкәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық қылмыстарының алдын алу, олардың отбасындағы, қоғамдағы өз құқықтарын жан-жақты түсіндіріп, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға баулу. Осы аталған мәселелер жөнінде Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім бастығы Евгений Оскома әңгімелеп берді. Оның сөзіне қарағанда жеткіншектер көп жағдайда өз құқықтарын біле бермейді. Соның салдарынан түрлі оқиғаларға тап болып жатады. Сондай-ақ мектеп оқушыларының арасында ұрлық жасау, себепсіз сабақ босату, кафелер мен компьютер клубтарының маңайын торуылдап жүру, ата-аналарына бағынбау сынды жәйттер көп кездесіп жатады екен. Ал мұндай әрекеттердің соңы олардың шалыс басуларына, қайғылы оқиғаларға тап болуына әкеліп соғатын көрінеді. Осының бәрі заң жүзінде құқықбұзушылық болып табылады. Сондықтан да аймағымызда кәмелеттік жасқа толмағандар мен жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесін қадағалау ісіне баса назар аударылуда. Нәтижесінде, соңғы кездері жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық әрекеттері бәсеңдеп келеді. Мәселен, өткен жылдың алғашқы сегіз айында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында 134 құқықбұзушылық дәйегі тіркелсе, биылғы жылдың сегіз айының көрсеткіші бойынша 79 оқиғаның болғаны анықталған. Бұл мәліметтерге қарап кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың едәуір азайғанын байқауға болады.

Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен кездескен оқушылар өз құқықтарына байланысты көкейлерінде жүрген сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Жеткіншектер тарапынан жолданған сауалдардың басым бөлігі әділетсіздік оқиғалары орын алғанда өз құқықтарын қорғау үшін не істеу керектігі жөнінде өрбіді. Полиция қызметкерлері мұндай жағдайда балалардың өзі немесе ата-анасы 37-76-22 телефон нөміріне хабарласып, болған оқиғаны баяндап беруін, мүмкіндігі болса тікелей қабылдауға келіп кетулеріне де болатынын жеткізді.

Павлодар қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Азат Сейілханов: «Акция қарсаңында ішкі істер саласының полиция қызметкерлері қызу жұмысқа кіріседі. Олар мектеп оқушыларының тәртібін бақылаумен қатар мектептен қайтқан балаларды жетектеп, жолдан өткізіп, аялдамаларға дейін апарып салатын болады. Бұл - балалардың жол жүру ережесін түсініп, қауіпсіздік шараларын сақтауларына, ең бастысы өз құқықтарын, жақсы мен жаманды айыра білулеріне ықпал етеді», - дейді.

Жаңа оқу жылының басталуымен дөп келген шараның ұйымдастырылуын мұғалімдер қауымы мен мектеп инспекторлары бір ауыздан қолдауда. Павлодар қаласындағы №5 мектептің инспекторы Н.Ибраева жеткіншектердің көбі қоғам алдындағы жауапкершіліктің не екенін біле бермейтінін айтып, осы орайда аталмыш акцияның берері мол екенін алға тартады.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған «Полиция және мектеп» акциясы үстіміздегі жылдың 6-шы қазанына дейін жалғасатын болады.

 

Нұржайна ШОДЫР.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 24 25 26
27 28 29 30