ПІКІРТАЛАС ТУРНИРІ ӨТТІ

 

ПІКІРТАЛАС ТУРНИРІ ӨТТІ

 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында пікірталас қозғалысын дамыту және үкіметтік емес ұйымдар туралы хабардар ету мақсатында студенттерге арналған пікірталас турнирі өтті. Қатысушылар назарына «Үкіметтік емес ұйымдардың ТМД елдерінің дамуында аталатын орны» атты тақырып ұсынылды. Шараға Павлодар қаласының жоғарғы және арнайы орта білім беру орындарының студенттері көптеп жиналды.

 

«Билік өкілдері» және «Оппозиционерлер» деген топтарға бөлінген студенттер аталған тақырып төңірегінде ой өрбітіп, өздерінің көзқарастарын ашық білдірді. Үкіметтік емес ұйымдарға қатысты қарсы көзқараста болған «Билік өкілдері» командасында Ирида Жүсіпова мен Аяш Мырзабекова болса, оларға қарсы пікірлерін білдірген «Оппозиционерлер» командасы құрамында Павел Кузнецов және Айжан Абжанова болды.

Негізінен, үкіметтік емес ұйымдар қатарына көп жағдайда мемлекеттік тапсырыстар мен жобаларды жүзеге асыратын түрлі қоғамдық ұйымдар, жастар бірлестіктері, қорлар жатады. Міне, осындай ұйымдардың ТМД елдерінің дауында алатын орны туралы екіжақты пікірлер жиын барысында қызу талқыға түсті.

Ирида Жүсіпова мен Аяш Мырзабекова өз сөздерінде үкіметтік ұйымдардың барлығы мемлекет дамуына еш пайдасы жоқ екендігін және олардың көбі жемқорлық көзіне айналатыны туралы айтты. Ал «Оппозиция» тобының мүшелері бүгінгі таңда ел дамуы жолында үкіметтік ұйымдардың демократиялық қоғамда рөлі туралы айып, осындай ұйымдар өзіндік даму бағыты, ұстанған мақсаты бар іргелі қауым екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйым өкілдері елде болып жатқан кез-келген процестерге емін-еркін араласып немесе оған өзіндік үлесін қоса алады, сол арқылы мемлекеттің әлеуметтік, саяси дамуына қомақты орын алатынын «Оппозиция» мүшелері дәлелдеп, қатысушыларға өздерінің көзқарастарын тура жеткізді.

Жиын барысында үкіметтік емес ұйымдарды жақтаушылар Қазақстан Республикасындағы үкіметтік ұйымдар туралы айтып өтті. Топ құрамындағы Павел Кузнецов және Айжан Абжанова мемлекетіміздің аумағында үкіметтік емес ұйымдардың Ата Заңы негізінде құрылуға толықтай құқығы барын алға тартты. Сондай-ақ, олар аталмыш ұйымдар көтеріп жүрген немесе айналысып жүрген мәселелер де ауқымды екенін мысалдар арқылы дәлелдеді. Мысалы, үкіметтік емес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігі біреулері зейнеткерлер мен тұтынушылардың жоғын жоқтайтынын да жеткізді.

Аталмыш дебат турнирі өткеннен соң жергілікті студенттер тағы бір пікірталас алаңына жиналды. Барлығы алты топ қатысқан пікірталас шарасының жеңімпаздары болып Меруерт Копишева және Айзада Иманкулова атанды. Жеңімпаздар Өскемен қаласында жыл сайын өтетін «Парламенттік дебат бойынша Қазақстан чемпионатына» қатысып, павлодарлық дебатерлердің намысын қорғамақ.

 

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30