«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Облыста «Мектепке жол» жалпы республи-калық акциясын өткізу жөніндегі жұмыс жалғасын табуда.
«Айналайын» балалар қоғамдық қоры жаңа оқу жылы қарсаңында сомасы 1,5 млн. теңгеге облыстың 70 оқушысын киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етті.
Облыс білім беру басқармасы аталған көмек барысында аяқ киім, кеңсе тауарларын қажет ететін 18 балаға көмек көрсетті.
Павлодар қаласында акцияға 200-ден астам кәсіпорын, ұйым, мұғалімдер ұжымы, жеке кәсіпкерлер қатысты. Акция шеңберінде Павлодар қаласында әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 2250 балаға сомасы 6,9 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді, оның ішінде 800 бала бюджеттен тыс қаражат есебінен сомасы 2,0 млн. теңге көмек алды.
Павлодар қаласы әкімдігінің бөлімдері 52 оқушыға сомасы 250,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетіп, акцияға белсенді қатысты. Мысалы, кәсіпкерлік бөлімі 25,0 мың теңге көлемінде № 12 мектеп оқушыларына, мәдениет бөлімі 25,0 мың теңге көлемінде №2, 22 мектеп оқушыларына, қаржы бөлімі 15,0 мың теңге көлемінде №7 мектеп оқушыларына көмек көрсетті. Акция шеңберінде «Нұр Отан» партиясы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балаларға арнап қайырымдылық іс-шараларын өткізді. Балалар «Карабас» балалар ойын орталығына барып, көңіл көтерді және сыйлықтар алды. Көрсетілген көмектің сомасы – 225,0 мың теңгені құрады. Жекелеген мектептерге көмек көрсетілді, атап айтқанда № 16 мектептің ата-аналарына сомасы 240,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді, ал бір балаға компьютер сатып алынды. №7 мектеп оқушыларына «Фунтик» фирмасы, қаржы бөлімі, «Азия Павлодар» ЖШС сомасы 123,0 теңге көлемінде көмек көрсетті. «Электролиз зауыты» АҚ № 12 мектепке сомасы 100,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Облыс қаржы басқармасы сомасы 100,0 мың теңге көлемінде 3 балаға, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы сомасы 175,0 теңге көлемінде, Ішкі саясат басқармасы сомасы 34,0 теңге көлемінде көмек көрсетті. Альянс Банкі № 29 мектептің 17 оқушысына 60,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.
Қалалық мәслихаттың депутаты С.К. Омарханов – акцияға белсенді қатысушылардың бірі. Ол өткен жылы сомасы 200,0 мың теңге көлемінде, ағымдағы жылы - № 32 мектепке сомасы 60,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Білім беру қызметкерлері одағының қалалық комитеті № 2, 18, 27 мектептерге сомасы 50,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.
Екібастұз қаласында «Мектепке жол» акциясын өткізу кезінде 1 тамыздан 14 қыркүйек аралығында 1399 бала, оның ішінде 770 бала бюджеттен тыс қаражат есебінен сомасы 1 млн. 507 мың теңге көлемінде көмек алды. Тай ауылдық аймағының әкімі (Е.Ж. Қабылтаев) сомасы 3,0 мың теңге көлемінде 1 сынып оқушыларына киім сатып алды, кәсіпкер А.С.Бердиева («Гамма» СҮ) № 1 лицей-мектебінің оқушыларына кеңсе тауарларын сатып алу үшін сомасы 10,0 мың теңге қаражат бөлді, «Екібастұз» футбол клубының президенті Г.И.Габибов сомасы 10,0 мың теңге көлемінде футбол мектебінің 4 оқушысына киім сатып алды, Шідерті ауылының кәсіпкерлері сомасы 25,0 мың теңге көлемінде 13 балаға көмек көрсетті, қалалық мәслихаттың депутаты Е.Р. Абдинов № 6 лицей- мектебінің 10 баласына сомасы 5,0 мың теңгеге мектеп жазба тауарларын сатып алды, «Ақкөл» қоры Ақкөл мектебінің 29 баласына сомасы 43,0 мың теңгеге көмек көрсетті, «Грань» ЖШС (басшысы П.П.Колодюк) № 7 гимназия-мектебінің 5 баласына сомасы 20,5 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті, Зеленая роща ауылының шаруа қожалығы («Табыс» Ш/Қ, «Шідерті» Ш/Қ) Шідерті негізгі мектебінің төбе жабындысына жөндеу жұмысын жүргізді, үш фазалы электр санауыш орнатты. Алеев Орынбасар Мерғалымұлы («Тұрсын Ек» ЖШС) «шұғыл байланысқа» хабарласып, Қарасу мектебінің 1-4 сынып оқушыларына алдағы жаңа оқу жылында ай сайын тегін ыстық тамақпен көмек көрсетуге ниет білдірді. Қазіргі уақытта Қарасу мектебінің арнайы есебіне ақша аудару мәселесі шешілуде.
Қазіргі уақытта Ақсу қаласында 950 оқушыға сомасы 4 млн. 666 мың теңге көлемінде, оның ішінде демеушілік есебінен 375 оқушыға сомасы 1 млн. 721 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Успен ауданында 529 оқушы 1448,5 мың теңге көлемінде демеушілерден көмек алды. БЖСМ ұжымы, АЖБ, аудандық мәслихат, аудандық аурухана сомасы 7200 теңге, өрт бөлімінің ұжымы және ҰҚК – сомасы 20,0 мың теңге, РЭГ-тайм ШҚ – сомасы 7,8 мың теңге, С.Наумова ЖК – 3,0 теңге, «Елена», «Кристина» ЖК – сомасы 11,0 мың теңге көмек көрсетті. № 2 Успен ЖОМ оқушыларына аудандық статистикалық басқармасы, жер қатынастары, құрылыс, жұмыспен қамту бөлімдері, салық комитеті, білім беру бөлімі және № 25 КЛ 58,8 мың теңге көлемінде қаражат жинап берді.
«Мектепке жол» акциясы барысында облыстың жалпы орта білім беретін мектептерінің 8500 оқушысы сомасы 28 млн. 274 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды. Оның ішінде демеушілерді жұмылдыру есебінен 4656 оқушыға бюджеттен тыс қаражат есебінен сомасы 11 млн. 902 мың теңгеге мектепке дайындық көмегі көрсетілді.
Акция барысында қалалық және аудандық білім беру бөлімдеріне, білім беру басқармасына көмек көрсету үшін 25 өтініш келіп түсті. Өтініштердің барлығы қабылданып, жүзеге асырылды.
Гүлнәр ЖАНҒАЗЫ,
облыстық білім беру басқармасының бас маманы.

