Қызылжар орта мектебі жанынан «Балапан» атты шағын орталықтың ашылғанына үш жыл толды. Осы мерзімде екі рет балаларды мектепке шығарып салған. Алғашқыда сегіз, екінші жылы он үш бала мектеп табалдырығын аттады. Қазір тәрбиешілер жиырма бүлдіршінді мектепке даярлауда.
- Біз балалар денсаулығын нығайтып, бойларына имандылықты қалыптастырамыз, өнер мен білімге құштар болуға тәрбиелейміз, дейді тәрбиеші Алмагүл Қасенова.
«Балапан» шағын орталығында 3 пен 5 жас аралығында балалар тәрбиеленуде. Олар күніне төрт мезгіл тамақ ішеді. Балалардың ойнауына, ұйықтауына, тамақтануына, жуынуына арнайы бөлмелер жасалған.
Ерсін ЖҰМАДІЛОВ.

