КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

 

     Кеше Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде облыс білім беру басқармасының мұрындық болуымен «Кәсіптік білім беру және бизнес: серіктестіктердің диалогы» атты аймақтық форум өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова, аймағымыздағы ірі кәсіпорындар мен кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары, шағын және орта бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты.

 

     Форумның шымылдығы «Әлеуметтік серіктестік» атты бейнекөрініспен ашылды. Шараға қатысушылар көгілдір экраннан өңіріміздегі жас мамандардың біліктілігін арттыруға қол ұшын беріп, қолдау көрсеткен ірі кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, мүмкіндіктерімен таныс болды. Бұдан соң облыс білім беру басқармасы бастығының орынбасары Гүлжан Қадырбаева баяндама жасап, өндірісті өңірімізді одан әрі гүлдендіру үшін бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлаудың маңызы зор екенін айтты. Сондай-ақ ол Елбасы биылғы Жолдауында кәсіптік және техникалық білім беруді кәсіби стандарттарға сай етіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы туралы тапсырма бергенін тілге тиек етті.

      Форумға арнайы шақырылған «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның қызметкерлер және жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Жұмабек Қамзин, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Хелуа Қажыкенова, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің атқарушы директоры Даниял Дүйсенғалиев, «Галицкое» ЖШС-нің директоры Александр Касицын, басқа да кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары сөз алып, техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, еңбек нарығын кадрлармен қамтамасыз етудегі проблемалар мен оларды шешу жолдары жайлы өз ойларын ортаға салды.

      Шара соңында облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова жас кадрларды қанатының астына алып, кәсіптік білімдерін жетілдіруге мүмкіндік жасаған «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ТНХ «Казхром» АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауыты», «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Галицкое» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Салон Стиль» ЖШС, «Промжилстройкомплекс» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалы және бірқатар кәсіптік білім беру лицейлерін «2010 серіктестік көшбасшысы» номинациясымен салтанатты түрде марапаттады. Сонымен қатар серіктестіктер тарапынан 25 жас түлекке жұмысқа орналастыру жолдамасы табыс етілді.

     Форум соңы павлодарлық өнерпаздардың ән-шашуына ұласты. 

Нұржайна ШОДЫР.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31