БҮЛДІРШІНДЕР ТӘРБИЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА!

Елбасымыз «Жаңа онжылдық-Жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында Үкіметке мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға және тәрбиемен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бүгінде бұл міндетті орындау мақсатында республика көлемінде ауқымды жұмыстар қолға алынуда.

Ел ертеңі болар бүлдіршіндерді тәрбиемен қамту ісі облысымыздың аудандары мен елді мекендерінде де ойдағыдай жалғасын табуда. Аталған мәселе Успен ауданында да оң шешімін тауып отыр. Қазіргі уақытта ауданда 3 балабақша мен 12 шағын орталық жұмыс істейді. Жалпы, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 355 бүлдіршін тәрбиеленуде. Сонымен қатар балабақшалар мен шағын орталықтардың жанынан 131 балаға арналған қысқа мерзімді топтар ашылған. Бүгінгі таңда аудандағы балалардың 81 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтылған. Бұл - осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүзеге асып жатқанының көрсеткіші.

Аудан әкімінің қаулысымен ата-аналар мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін балалары үшін бір айда 4500 теңге төлейді, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балғындарына тегін қызмет көрсетіледі. Тұрмыстық жағдайы нашар отбасыларынан шыққан балғындарды жергілікті биліктің қамқорлыққа алуы -өзгеге үлгі боларлық іс.

Балабақшалар мен шағын орталықтарда балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін барлық мүмкіндік жасалған. Олардың 90 пайызының жиһаздары жаңартылған және материалдық-техникалық базасы да талапқа сай. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Успен ауданына барған сапарында Вознесенка ауылындағы орта мектеп ішінен былтыр ғана 14 балаға арналып ашылған «Айгөлек», Ольгино ауылындағы «Мөлдір бұлақ», басқа да бірқатар елді мекендерде бертін ашылған шағын орталықтарда болып, ондағы тәрбиеленушілердің жағдайымен танысып, оң баға бергенін атап өткен орынды.

Жаңадан ашылған шағын орталықтарға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін республикалық бюджеттен 3000,0 мың теңге, ал қысқа мерзімді топтарды жиһазбен қамтуға аудандық бюджеттен қосымша 1343,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Облыстық білім беру басқармасының бастығы Бақыт Бексейітованың сөзіне қарағанда, келер жылы Успен ауданында тағы да екі шағын орталық ашылып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөлейтін болады.

Нұржайна ШОДЫР,

 

Успен ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30