ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

Кеше Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында ғалым, профессор Тасболат Қасенұлы Шаяхметовке арналған «ІІ Шаяхметов оқулары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған республиканың түкпір-түкпірінен белгілі ғалымдар шақырылды. Сондай-ақ аталмыш шараға осы институттың профессорлары, студенттері, облыс орталығындағы колледждердің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

 

Ғалымдардың басын қосқан ғылыми-практикалық конференция барысында педагогикалық білім беру жүйесінде әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу, жоғары және орта кәсіби білім беру мекемелеріндегі инновациялық оқытудың технологиялары, білім беру жүйесінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибені ұштастыру және қолданбалы физика-математикалық зерттеулерді жаңғырту мәселелері жан-жақты сөз болды.

Қатысушылар осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараның білім беру саласының қызметкерлері үшін берері мол екенін алға тартады. Ұйымдастырушылар алқасы конференцияның «Шаяхметов оқулары» деп аталуының өзі тегін еместігін айтады. Өйткені, Тасболат Қасенұлы көзінің тірісінде саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім беруге арнап, келешек игілігі үшін 40-тан астам еңбек жазып кеткен. Ғалымның қоғам үшін сіңірген еңбегі де зор. Осындай жетістіктері үшін ол «Құрмет белгісі» орденімен, «Тың игеру», «Ерен еңбегі үшін», «Ы.Алтынсарин» медальдарымен, «КСРО ағарту ісінің үздігі», «Жоғары білім беру саласындағы үздік табыстары үшін» төс белгілерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көптеген грамоталарымен марапатталған.

Игі шара келер жылы да жалғасын табатын болады.

Н.АҚЫТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30