СТУДЕН ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

 

    С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан студенттері Альянсы жастар қоғамдық бірлестігінің «Тоқта! Жемқорлық» жазғы студенттік лагерінің шеңберінде брифинг өтті. Шараға С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры М.Бегентаев, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі В.Жексенбаева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тәрбие жұмысы және жастар саясатының басқарма бастығы Ш.Сұлтанбеков және Қазақстан студенттері Альянсы жастар қоғамдық бірлестігінің қалалық және облыстық көшбасшылары қатысты.

    «Тоқта! Жемқорлық» жазғы лагерін ұйымдастыру осы жолы Павлодар облысының еншісіне тиді. Алдыңғы жылы Өскемен қаласында өтсе, осы  жылы студенттердің дәстүрлі жиыны С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің қолдауымен «Баянтау» демалыс үйінде өтпек. Студенттік лагерь барысында бірлестік мүшелері мемлекеттік мекемелер өкілдерімен жемқорлыққа қарсы тақырыптарды қамтитын кездесулер мен оқыту семинар-тренингтері ұйымдастырылды. Аталмыш кездесулерде «Білім жүйесінде жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптастырылуында студент жастардың рөлі» тақырыбы бойынша нақты ұсыныстар қарастырылып, оны жүзеге асыру жолдары анықталмақ.

     Брифинг барысында қоғамдық жастар бірлестігінің мүшелері жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында орын алған жемқорлық мәселесіне орай өз пікірлерін білдіре отырып, алдыңғы жылы атқарылған істер туралы айтып берді. Мәселен, оқу орындарындағы жемқорлықты ауыздықтау мақсатында жыл сайын «Таза сессия», «Операция сессия» акциялары ұйымдастырылып отырады. Аталмыш іс-шаралар бойынша қандай істер атқарылып, қандай нәтижелер шығарылғандығы туралы және де алдағы уақытты жастар қоғамдық ұйымының жоспарлары туралы брифингте Қазақстан студенттері Альянсының көшбасшысы Т.Ғиззатов айтып берді.

    - Біз Білім және ғылым министрлігі бастамасымен жоспар бойынша жастар бірлестіктерімен кездесіп, көптеген мәселелерді бірлесіп шешудеміз. «Тоқта! Жемқорлық» акциясы аясында өтетін дәстүрлі лагерь болашақта білім ошақтарында қоғамға жат жемқорлық деген мәселені шешуге өз септігін тигізетіні сөзсіз, - деді ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі В.Жексенбаева.

 

            Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31