ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР

Кеше облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтында «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі білім беру саласын қамтамасыз етудің алғышарты» тақырыбында халықаралық педагогикалық оқулар өткізілді. Бұл шара облысымыздың көрнекті ұстазы Темірболат Ережепбайұлы Дәйкеновті қастерлеп еске алу мақсатымен ұйымдастырылды.

Облыс педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының баспасөз ақпараты бойынша педагогикалық оқуларға 150-ден астам адам қатысса, солардың арасында жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру басқармасы органдарының басшылары, мектеп директорлары, мұғалімдер мен әдіскерлер, тағы басқалар бар. Олар білім берудің шетелдік озық үлгілерімен жетік танысуға, мұғалім қызметін осы заманғы талаптарға сай етуге, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Педагогтың кәсіби құзыреттілік деңгейін одан әрі жетілдіру мақсатында педагогтардың желілік қауымын құру, Интернет ресурстарды пайдаланып, оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру сияқты жұртты қызықтырған жаңашыл үлгілер болды. Педагогикалық оқуларды дайындаудың ұйымдастырушы комитетіне тақырып бойынша жүзден астам баяндама түсті.

Педагогтық оқу қорытындыланып, тиісті қарар қабылданды. Оған қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 28
29 30