«Жас ұрпақтың жаңа мүмкіндіктері»

Жақында Баянауыл ауданындағы «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығында «Жас ұрпақтың жаңа мүмкіндіктері» атты балалар-жасөспірімдер бірлестігі мен қоғамдық ұйымдардың V облыстық құрылтайы өтті. Облыстық білім беру басқармасы, балалар құқығын қорғау департаменті және М.Катаев атындағы оқушылар сарайының ұйытқы болуымен өткізілген шараға балалар-жасөспірімдер бірлестіктерінің көшбасшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің мамандары қатысты.

Үш күнге созылған құрылтай қарсаңында балалар мен жасөспірімдер үшін қызықты шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, облыстық балалар құқығын қорғау департаменті «Табыс жолы» атты жоба шеңберінде жеткіншектер үшін облысқа танымал адамдармен кездесулер, «Балаларды қоғамдық қабылдау» шарасын ұйымдастырды. Сонымен қатар құрылтайға қатысушылардың пленарлық мәжілісі өтіп, онда жасөспірімдер мәселесі жан-жақты талқыланды.

Шара шығармашылық кештермен, фото көрмелермен және түрлі тақырыпты қамтыған акциялармен, шеберлік сыныптарымен жалғасын тапты.

Н.АҚЫТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29