ЖАСТАР ЕЛ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН МАҚТАНАДЫ

Қазақстан Республикасы биыл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуде. Құрамына 56 мемлекет кіретін ең беделді ұйымға басшылық жасау - ел абыройының асқақтығы. ЕҚЫҰ қауіпсіздік, экономика, адам құқығы мәселелерін әлемдік деңгейде жан-жақты қамтитын ұйым болып табылады. Ұлттық намысымызға сын болатын ұйымның жұмыстарын жетілдіру мақсатында Павлодар мемлекеттік педагогика институтында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 

Осы орайда «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы» тақыры-бында кездесу өтті. Оған облыстық мәслихаттың депутаты Роза Игібаева, Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аян Әділбеков, ПМПИ-дің ғалымдары мен студенттері қатысты. Кездесу барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы, қауіпсіздік жөніндегі өзекті мәселелері, Қазақстанның осы мәселелерді шешуде қол жеткізген жетістіктері талқыға салынды.

Кездесу барысында сөз алған ПМПИ-дің ректоры Жанмырза Нұрмағанбетов ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Қазақстанның әлемдік деңгейде жеткен жетістіктерінің айғағы әрі еліміздегі саяси тұрақтылықтың, халықаралық және этникааралық үндестіктің, демократиялық қоғамның айқын көрінісі екенін атап өтті. Қазақстан төрағалық ету уақыты аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым жұмысына серпін берді, сондай-ақ кең ауқымды мәселелер бойынша тақырыптық пікір-таластарды өрістетті. Біздің мемлекетіміз ұйымның жандана түсуіне ерекше септігін тигізді. Ал 1-2 желтоқсанда өтіп жатқан Саммит - Қазақстан үшін қауіпсіз әлем құрудағы халықаралық істерге қатысудың жаңа кезеңі.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жастардың жігеріне жігер қосты. Біздің елімізде жастар мәселесі қашан да қоғамның назарынан тысқары қалған емес. Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті аясында ПМПИ-дің магистранттары тарих ғалым-дарының докторы Задаш Дүкенбаеваның жетекшілігімен «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: қазақстандықтардың мақтанышы және жетістігі» атты дөңгелек үстел өткізді. Магистранттар арасында ой-пікір алмасылып, «Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті біздің елімізге не береді?», - деген сұрақ төңірегінде тартымды әңгіме құрды. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жоғары мемлекеттік мекемелерге барлық өзекті мәселелерді шешу үшін жаңа серпін береді деп жалпы ортақ пікірге келді. Ал 1 желтоқсанда ПМПИ-де Т.Шаяхметов атындағы аудиторияда студенттер мен оқытушыларға ЕҚЫҰ Саммитінің ашылу рәсімінен тікелей желі көрсетілімі ұйымдастырылды.

 

Мадина ТЕМІРОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31