Балабақша жұмысы қайта жанданды

Өткен аптада өңірімізде болған сары шұнақ аяздың салдарынан колледждердің 1-курс студенттері оқудан босатылып, алыс жолдарға қатынайтын автобустар тоқтатылған болатын. Алайда салқын ауа райының кесірі -30 -40 С аяз болса да өз жұмысын жалғастыра беретін мектепке дейінгі мекемелерге де тимей қоймады. 

Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылындағы №20 балалар бақшасы осыдан үш күн бұрын жабылып қалған еді. Ауыл әкімі Әділхан Мұхамеджановтың айтуынша, бақшаның жабылуына суық ауа райы мен жергілікті жеке кәсіпкердің әкелген көмірінің сапасыз болуы себеп болған. Абырой болғанда жылу құбырлары жарылып, бүлінгеннен дін аман. Қазіргі уақытта олқылықтың орны толып, мекеме іші талапқа сай жыли бастады. Балабақша директоры Гүлшекер Балағазинова бүгін бақшаның есігі ашылып, 140 бүлдіршінді қайта қанатының астына алатынын жеткізді. 
Осылайша, апта басынан бері ата-аналарды алаңдатқан балабақша жұмысы араға үш күн салып қайта жанданды.  
 
Н.АҚЫТЕГІ
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31